Меню

Страницы

Статья

Қосымша білім беру бойынша 2024 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Өңірде 62 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы (8 оқушылар Үйі,  1 қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы,13 өнер мектебі, 23 спорт мектебі, 7 лагері, 5 мектеп жанындағы орталық, 5 жеке жұмыс жасайды), онда 60 663 бала қамтылған. Мектептерде спорттық секциялар мен үйірмелерге 156 864 оқушы тегін қатысуда.

297 мектеп жанынан (баскетбол, волейбол, футбол, қолдобы, шахмат, шағын футбол, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, ұлттық спорт түрлерінен) 1 877 спорттық секциялары жұмыс жасайды. 1877 дене шынықтыру мұғалімдеріне қосымша сабақтан тыс секция жұмыстарын жүргізуге базалық лауазымдық жалақы (1 БЛЖ–17 697 тг. РБ) төленуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бойынша республикалық Жол картасына аймақтан 4 нысан енгізілді. Жеке инвестор есебінен 350 орындық оқушылар сарайы, 200 орындық 1 оқушылар үйі мен 50 орындық 1 өнер мектебі, 1 маусымдық тынығу орталығы.

«Қазгермұнай» БК ЖШС-ның демеушілігімен сол жағалаудан заманауи үлгідегі 350 орындық (2 млрд. 371 мың тг) Оқушылар сарайының құрылысы басталды. Құрылыс 2024 жылғы 1 қыркүйекке пайдалануға берілетін болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру бағдарламасы іске асыру үшін 2022-2024 жылдарға 8 млрд 846,9 млн. теңге қаржы бөлінді.

2022 жылға 1 млрд. 862,9 млн. теңге қаржы бөлініп, игерілді. Шығармашылық тапсырыс бойынша 60 өнім берушімен (ваучер саны – 12 409) жұмыс жүргізілді.

2023 жылға 2 млрд. 641,5 млн. теңге қаржы бөлініп, игерілді. Шығармашылық тапсырыс бойынша 128 өнім берушімен (ваучер саны – 21 192) жұмыс жүргізілді. 24.04.2023 жылдан бастап «Damubala.kz» ақпараттық жүйесінде балаларды спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге кезекке қою жүргізіліп, қолданыстағы және өткен жылы өтінімдері бойынша мақұлдау алып ваучер алмаған өнім берушілер тарапынан балаларды кезекке қою жұмыстары жүргізілді.

Осыған орай, 3 мамыры мен 23 тамызда қосымша ваучерлерді беру іске асырылды. 2024 ж 4 млрд. 342,5 млн. теңге қаржы жоспарланды. Шығармашылық тапсырыс бойынша 128 өнім берушімен (ваучер саны – 21 192) жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда шығармашылық тапсырыс бойынша 20 016 ваучерді құрайды.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасы іске асыру үшін 2022-2023 жылдарға 2 млрд 088,9 млн. теңге қаржы бөлінді. 2022 жылға 934 млн. теңге қаржы бөлініп, игерілді. Спорттық тапсырыс бойынша 52 өнім берушімен (бала саны – 5 968) жұмыс жүргізілді.

2023 жылға 1 млрд. 154,9 млн. теңге қаржы бөлініп, игерілді. Спорттық тапсырыс бойынша 62 өнім берушімен (бала саны–8 330) жұмыс жүргізілді. 2023 жылдан бастап «Damubala.kz» ақпараттық жүйесінде балаларды спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге кезекке қою жүргізіліп, қолданыстағы және өткен жылы өтінімдері бойынша мақұлдау алып ваучер алмаған өнім берушілер тарапынан балаларды кезекке қою жұмыстары жүргізілді. Осыған орай, 3 мамыры мен 23 тамызда қосымша ваучерлерді беру іске асырылды.

2024 жылға спорттық тапсырыс бойынша 62 өнім берушімен (бала саны –7 630) жұмыс жүргізілуде.

Дата публикации
11 июля 2024
Дата обновления
11 июля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Есеп
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында азаматтық бюджеттің атқарылу есебі
Мақалалар
21 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы