Меню

Страницы

Статья

Білім саласында 2024 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Облыста 160 мемлекеттік және 455 жеке меншік балабақша (58 мемлекеттік, 1 жекеменшік шағын орталық) бар. Жалпы облыс бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны – 674, ондағы бала саны – 51 041. 2-6 жас аралығындағы бала қамтылуы – 90,2 пайыз, 3-6 жастағы бала қамтылуы – 100 пайыз.

Мектепке дейінгі білім ұйымдарында 6 252 педагог жұмыс жасайды (мемлекеттік – 2 905, жеке – 3 347).

Аймақта 330 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде мемлекеттік 297 мектеп, 33 мектеп жеке меншік. Оқушылар саны – 181 804.

2023-2024 оқу жылында 11 – сыныпты 8 285 оқушы аяқтады. Оның ішінде 579 оқушы «Алтын белгі», 856 оқушы «Үздік аттестат» алды.

ҰБТ – ға 7 391 немесе 89,7 пайыз бітіруші қатысуда (ҰБТ ағымдағы жылдың 16 мамыр – 5 шілде аралығында өтеді).

Жаңа мектеп салу, апатты және үш ауысымды жою - білім саласындағы басым бағыттардың бірі.

2023 жылы облыс орталығындағы 4 мектептің орын тапшылығы мәселесі 1 850 (Абай мектебі - 550, №3 мектеп – 375, №101 мектеп – 375, №264 мектеп – 550) орынға арналған қосымша ғимарат салу арқылы шешімін тапты. Сонымен қатар, 1 170 орындық 4 мектеп (Қармақшы Жосалы, Шиелі Байсын, Қызылорда қаласы Бәйтерек, Сабалақ), 2024 жыл басында
550 орындық 2 мектеп (Қазалы Әйтеке би, Жаңақорған Майбекет) ел игілігіне табысталды.

2024 жылы жаңадан 14 мектеп және 4 мектепке қосымша құрылыс салынып, пайдалануға беріледі.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 300 орынды құрайтын 21 мектеп, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы құны 7 млрд. 900 млн. теңгені құрайтын дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернат, Шиелі ауданында құны 988 млн. теңгеге 100 орындық мектептің (Жансейіт ауылы) және жергілікті бюджет есебінен құны 926 млн. теңгеге Жаңақорған ауданында 150 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде (Байкенже ауылы).

Бұдан бөлек, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы Шиелі (№252 мектеп), Жаңақорған аудандарындағы (Бесарық ауылы №54 мектеп) мектептерге 375 орындық және жергілікті бюджет есебінен Қызылорда қаласы (№4 мектепке оқу корпусы мен асхана) мен Қармақшы ауданында (№284 мектеп-интернатына спорт зал) білім беру ұйымдарына қосымша құрылыстар жүргізілуде.

2023-2024 оқу жылында 102 оқушы республикалық, халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпазы атанды (халықаралық – 12, республикалық - 90).

Облыстың пәндік олимпиадалық командасы жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндердің республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша командалық есепте ІІ орынды, қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндердің республикалық кезеңінде командалық есепте ІІІ орынды иеленді.

Биыл алғаш рет өткізілген ауыл мектебі оқушыларының республикалық олимпиадасында 26 оқушы (жаратылыстану – 18, қоғамдық - 8) жүлдегер атанып, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша облыстың командасы «Ең үздік олимпиадалық команда-2024» номинациясын иеленді (3 оқушы білім грантының иегерлері атанды).

2023-2024 оқу жылында жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша  «Талдысу», «Қамбаш» Олимпиадалар және қосымша білім беру орталықтары базасында жалпы білім беру ұйымдарының 7 - 10 сынып оқушылары 6 кезең бойынша 960 оқушыға 75 млн 243 мың тг. бөлініп, оқушылар дайындық курстарынан өтті.

Өңірде, оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы аясында жүзеге асырылуда, 335 дебат клубтары (қазақ лигасы, орыс лигасы, ағылшын лигасы) белсенді жұмыс жасауда. Пікірсайыс қозғалысы ағымдағы оқу жылында мектептерде 8 293 оқушыны, колледжде 737 студентті қамтиды.

Педагог мәртебесін жоғарылату және шығармашыл мұғалімдерді қолдау бағытында бірқатар шаралар атқарылып келеді. 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған жыл сайынғы «Үздік педагог» республикалық конкурсынан 2022 жылы 4 педагог «жеңімаз» атанса, 2023 жылы 5 педагог «Үздік педагог» атағының иегері атанып,  әрқайсысы 3 млн.теңге көлемінде грант иеленді.

2023 ж. қорытындысымен Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық деңгейдегі 5 «Үздік педагогке» - облыстық бюджет есебінен әрқайсысына 1 035 000 теңге көлемінде бірреттік сыйақы берілді.

Сонымен қатар, 2023 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен шығармашыл ұжымдарды қолдау мақсатында «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсының қорытындысымен Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі «жеңімпаз»  ретінде танылып, облыстық бюджеттен 34 млн.теңге грант табысталды.

Білім сапасын арттыру, халықаралық зерттеулер мен Ұлттық бірыңғай тестілеудегі нәтижелерімізді одан әрі жақсарту мақсатында басқарма тарапынан жаңа бастамалар мен жобалар жүзеге асырылуда.

Дата публикации
11 июля 2024
Дата обновления
11 июля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Есеп
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында азаматтық бюджеттің атқарылу есебі
Мақалалар
21 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы