Аймақтағы 676 мектепке дейінгі ұйымдарда 49 880 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 218 (19028 бала) мемлекеттік мекетепке дейінгі ұйымдар, 458 (30 852 бала) жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар.
Аймақта Ұлттық білім беру деректер қорында (НОБД) 2-6 жастағы балалардың қамтылуы – 90,2 %, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы – 100 % құрап отыр.
Облыстағы мектепке дейінгі ұйымдарда 6252 педагог бар. Оның ішінде жоғары білімдісі – 4492 (71,8 %), арнаулы орта білімдісі - 1760 (28,2 %).
Біліктілік санаттары бойынша:
«Педагог-шебер» - 2, «Педагог-зерттеуші» - 89, «Педагог-сарапшы» - 471, «Педагог-модератор» - 1474.
Жоғары санатты - 84, Бірінші санатты - 218, Екінші санатты – 358, Санаты жоқ–3556.
2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін қолайлы жағдай жасау мен олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылдауға мүмкіндік берді. Атап айтсақ, педагогтердің біліктілігін арттыру мақсатында оларды біліктілікті арттыру курстарынан өткізу, педагогтердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру және т.б.
2024 жылдың І жартыжылдығы бойынша педагогтердің кәсіби өсуін қамтамасыз ету мақсатында Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалы мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Қызылорда облысы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан - 477 және Балаларды ерте дамыту институтынан 99 тәрбиеші, 6 меңгеруші, 5 әдіскер, барлығы - 587 маман курстан өтті.
2024 жылы облыс бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы 571 педагог аттестаттаудан өтуге өтініш берген. Тестілеудің I кезеңінің қорытындысы бойынша 123 педагог аттестаттаудан өткен.
Аттестаттаудың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап педагогтердің біліктілік санаттарына қарай жалақысына 30%-дан 50%-ға дейін қосымша ақы қосылады.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап тәрбиешілердің жалақысы 25%-ға артып, сол жылдың қыркүйек айында тағы да 30%-ға артты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспары» бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Модельдің 37 тармағын іске асыру аясында 30 педагогтан тұратын облыстық 1 мобильдік топ, сонымен бірге 7 аудан және Қызылорда қаласының білім бөлімі жанынан құрылған 7 мобильдік топ, барлығы 15 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Құрамына 116 педагог тартылған.
2024 жылдың І жартыжылдығы бойынша 44 түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылды. Оған 3121 педагог қатысты. Өткізілген шаралар барысында төмендегі мәселелер талқыланды:
тәрбиелеу мен оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, басқарудағы өзекті мәселелер;
ойын арқылы оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімділігі;
арнайы жобамен жұмыс жүргізу бағыттары;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру мәселелері;
ата-аналарға арналған консультациялық пункттермен жұмысты жетілдіру, ата-аналармен ықпалдастықты күшейту бағыттары мен жолдары.
Жоғарыда аталған шаралар педагогтердің кәсіби өсуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған.
Қазақстан Республикасы Оқу–ағарту министрлігінің «Озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың құзыреттілік орталықтарын құру» туралы 2023 жылғы 1 шілдедегі №192 бұйрығымен бекітілген 79 құзіреттілік орталықтарының тізіміне Қызылорда қаласынан «Бегім Ана», «Алтын ұя» IT жобасы, «Сыр шуағы» IT жобасы, «Сыр бөбегі» жасыл балабақша жобасы, «Алпамыс» балабақша театры жобасы және «Айналайын» балабақшасы «Орта үшінші педагог» жобасы бойынша енгізілген (6 балабақша).
Қызылорда облысының білім басқармасының 2021 жылғы 19 наурыздағы №46-нқ «IT балабақша пилоттық жобасын ендіру туралы» бұйрығына сәйкес Қызылорда қаласындағы «Алтын ұя», «Сыр шуағы» бөбекжай бақшалары пилоттық білім беру ұйымы ретінде бекітілген. Жобаның мақсаты: мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану болып табылады.
«Сыр бөбегі» бөбекжай бақшасы «Жасыл балабақша» пилоттық жобасына білім басқармасының 2022жылғы 2 қыркүйектегі №150–нқ/1 бұйрығы негізінде енгізілген. Соған сәйкес «ECO LAB» өлкетанушылар жобасы зерттеу жұмыстарын бастады. Жобаның мақсаты: балалардың топта жұмыс істей білу, өзіне және айналасындағыларға қамқорлық көрсету, жауапкершілікті сезіну дағдыларын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру және тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында «Алпамыс» балабақшасы «Балабақша театры» пилоттық жобасына білім басқармасының 2023 жылдың 15 қарашадағы №195-нқ/1 бұйрығы негізінде енгізілді. Жоба аясында театр түрлерін дамыту, дарынды балаларды өнерге баулу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Қызылорда облысының білім басқармасының 2023 жылғы 20 маусымдағы №117-нқ/1 бұйрығы негізінде Шиелі ауданындағы «Айналайын» бөбекжай бақшасы «Орта-үшінші педагог» жобасымен жұмысын бастады. Жоба аясында балабақша мен үй жағдайында тәрбиеленушілердің үйлесімді дамуы мен өзін-өзі дамытуына ықпал ету (балалар, тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекеті) мақсатын жүзеге асырады.