Меню

Страницы

Статья

Инклюзивті және арнайы білім беру бойынша 2024 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Облыс бойынша 2023-2024 оқу жылы 7494 мүмкіндігі шектелу бала ПМПК есебіне алынған.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім алуға жағдай жасалған мектептердің үлесі 90,2 %-ді құрайды.

Жалпы мемлекеттік балабақшалар 100 % арнайы кабинет және арнайы мамандарымен қамтылды. Балабақшаларда 235 арнайы мамандар жұмыс жасайды         

Өңірдегі 295 мектептің 172-де инклюзивтік қолдау кабинеттері, 8 мектепте инклюзивтік ресурстық орталықтар ашылды. 2024-2029 жылдары тағы 14 инклюзивтік кабинет ашу жоспарланды.

Жалпы орта білім беру мектептерде 2214 білім алып отыр. Оларға 440 арнайы маман қызмет көрсетеді. Олардың 247 дефектолог, 67 логопед, 217 педагог-ассистент және арнайы мамандар. 

Аймақта 23 арнайы білім беру ұйымдары (6 ПМПК, 1 арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 3 оңалту орталығы, 3 облыстық арнайы мектеп-интернат, 1 аутизм орталығы) жұмыс жасайды.

«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР № 343-ІІ Заңына сәйкес аймағымызда түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарды ашу тапсырмасы толық орындалды.

Өңірде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға арналған шаралар көптеп ұйымдастырылады:

Атап айтсақ, «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалі, «Жұлдызай» Ұлттық инклюзивті ойындары жыл сайын өткізіледі. Жыл сайын 300-ден астам бала аталған шараларға қатысып, жеңімпаздар Астана, Алматы қалаларында өтетін республикалық кезеңге қатысады.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба береді.

Дата публикации
11 июля 2024
Дата обновления
11 июля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Есеп
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында азаматтық бюджеттің атқарылу есебі
Мақалалар
21 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы