Аймақтағы мектеп жанындағы тегін спорттық секциялар мен үйірмелерге 156 764 оқушы қатысады.
(Для справкиАнықтама үшін: Мектеп жанындағы үйірмелердегі бағыттар: көркем-эстетикалық бағытта, қолданбалы қолөнер бағыты, техникалық, қоршаған орта, туристік және өлкетану, әлеуметтік және гуманитарлық, жаратылыстану-математика, тіл, спорт және басқа да бағыттар)
Облыстағы 294 мектептің 1877 дене шынықтыру мұғаліміне қосымша сабақтан тыс секция жұмыстарын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақы (1 БЛЖ–17 697 тг. РБ) төленуде.
Өңірде 61 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды (Анықтама ретінде: 8 оқушылар Үйі, 1 қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, 8 әуез және 5 өнер мектебі, 23 спорт мектебі, 5 үздіксіз жыл бойы жұмыс жасайтын және 2 жазғы тынығу лагері, 5 мектеп жанындағы орталық, 2 жеке қосымша білім ұйымы), онда 57 053 білім алушы түрлі үйірмелерге қатысады.
Сондай-қа, биыл «Қазгермұнай» БК ЖШС-ның демеушілігімен сол жағалаудан 350 орындық Оқушылар сарайының құрылысы басталады.