Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысы бойынша арнайы және инклюзивті білім беру туралы ақпарат (9 айдың қорытындысы)

2022-2023 оқу жылы бойынша 6711 мүмкіндігі шектеулі бала тіркеуге алынды. Олардың ішінде, 1074 бала балабақшада, 2422 бала жалпы білім беру мектептерінде, 1028 бала үйден, 362 бала арнайы мектеп-интернаттар мен арнайы балабақшада білім алды.

Оңалту, түзету шарамен қамту мақсатында облыс бойынша 23 арнайы білім беру ұйымдары (6 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация,9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттер,3 оңалту орталығы,3 арнайы мектеп-интернат, 1 арнайы балабақша, 1 аутизм орталығы) жұмыс жасайды. 

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңының 8-бабы, 3-тармағына сәйкес 1 ПМПК облыс әкімінің 2023 жылғы 30 маусымдағы  №109 қаулысымен ашылды.

Жалпы 5 ПМПК-ның 2022-2023 оқу жылы бойынша қызмет көрсеткен ерекше білім беруге қажеттілігі бар бала санының 62,2 пайызы балабақша мен мектептерге қосылған.

Балабақшада аутист балалар үшін инклюзивтік қолдау кабинеттері ашылып, 24 дефектолог, 19 педагог-ассистент мамандар жұмыс жасайды. Жалпы балабақшаларда 187 арнайы мамандар жұмыс жасайды (24 дефектолог, 142 логопед, 19 педагог-асисстент)

Жалпы мемлекеттік балабақшалар 100 % арнайы кабинет және арнайы мамандарымен қамтылды. 

Жалпы орта білім беру мектептерінде 440 арнайы маман қызмет көрсетеді. Олардың 233 дефектолог, 44 логопед, 150 педагог-ассистент және 13 басқа да арнайы мамандар (олигофренопедагог, арнайы әлеуметтік педагог, арнайы психолог, тифлопедагог).  

Өңірдегі 295 мектептің 170–де инклюзивтік қолдау кабинеттер, 8 мектепте инклюзивтік ресурстық орталықтар ашылды. 2023-2025 жылдары тағы 14 инклюзивтік кабинет ашу жоспарланды. ҚР Оқу-ағарту министрлігіне «Қазақстан халқына» қоры есебінен инклюзияны қолдау кабинетіне қажеттілігі бар 16 мектеп ұсынылды.

Облыс орталығындағы 3 колледжде ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттерге арнайы топтар ашылды. Ағымдағы жылы М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінде инклюзивтік ресурстық кабинет ашылды.  Аталған колледж базасында «Логопедия» мамандығы бойынша арнайы мамандар оқытылуда.

Өңірде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға арналған «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалі, «Жұлдызай» Ұлттық инклюзивті ойындары жыл сайын өткізілді. 300-ден астам бала аталған шараларға қатысып, жеңімпаздар Астана, Алматы қалаларында өтетін республикалық кезеңге қатысты.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, мектептегі 16 780 педагог арнайы инклюзивті курстан өтті.

Арнайы мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде әдістемелік семинарлар, бірлестік отырыстары ұйымдастырылады. Өткен оқу жылында 11 әдістемелік семинар, 3 бірлестік отырысы өтті.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба береді.

 

 

Дата публикации
18 октября 2023
Дата обновления
18 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Есеп
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында азаматтық бюджеттің атқарылу есебі
Мақалалар
21 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы