Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының білім басқармасы және оған қарасты мекемелердің еңбек ақы төлеу қорына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

Қызылорда облысының білім басқармасы және оған қарасты мекемелердің еңбек ақы төлеу қорына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

 

«24» наурыз 2023 жыл                                                         Қызылорда қаласы

 

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысының білім басқармасы (бұдан әрі-Білім басқармасы) басшысының бұйрығы негізінде (13.01.2023ж.№07-нқ) Білім басқармасына қарасты мекемелердің еңбек ақы төлеу қоры үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмысшы тобы құрылды.

       Топ құрамына: білім басқармасының орынбасары, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері, қалалық, аудандық білім бөлім басшылары енгізілді.

       Талдау 2021-2022 жылдар аралығында жүргізілді.

 

       ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА

       Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің аудиторлық тексеру мәліметіне сәйкес 2020-2022 жылдың І жартыжылдығында Жаңақорған ауданы бойынша 12 мектепте қаржылық бұзушылықтар анықталып, қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

       Қызылорда қаласындағы №112 мектепке қаржылық бұзушылықтар анықталып, қылмыстық іс тіркеліп, соттың шешімі шығарылды.

 

     ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ҚОРЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДЕР

  1. Білім басқармасы тарапынан жүргізілген ішкі талдаудың тәуекелдері. Атап айтқанда,

        Арал ауданы бойынша 6,3 млн теңге (№13-4700,0 м.т; №61-968,7 м.т; №20-617,0 м.т;) жалақыға төленген аванстық төлемдер қалпына келтіріліп, бұзушылыққа жол берген директор, есепші маманға «қатаң сөгіс» берілді.

        Қазалы ауданы - 6 мектеп бойынша 19,6 млн теңгеге (№170-3771,3 м.т; №70-2351,2 м.т; №90-3109,1 м.т; №190-3078,1 м.т; №238-3296,7 м.т; №259-3978,9 м.т.) бұзушылық анықталды.  Жалақыға төленген 16,0 млн теңге аванстық төлемдер қалпына келтіріліп, бұзушылыққа жол берген есепші мамандарға «сөгіс» берілді.

        Ал, №259, 238 мектеп есепшілері ай сайынғы өзіне тиесілі қаражаттан артық өз есепшотына аударып алған 3,6 млн теңге қаржыны бюджетке қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Бұл бұзушылыққа жол берген №259, 238 мектеп есепшілері жұмыстан босатылды.

        Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімі №201 мектеп-лицейінің 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы 10 қызметкерлерге 6,8 млн теңге жалақыға артық аударылған қаржы өндірілді. Бұзушылыққа жол берген есепші жұмыстан босатылды.

        Одан басқа да 6 мектеп бойынша да 25,6 млн теңгеге (№32-3779,9 м.т; №116-3545,7 м.т; №122-4902,3 м.т; №123-4804,9 м.т; №124-5289,1 м.т; №232-3242,1 м.т.) бұзушылықтар анықталып, жалақыға артық аударылған 3,4 млн теңге қаржы өндірілді. Бұзушылыққа жол берген №32, 116, 117, 122, 123, 124 мектеп есепшілерінің жауапкершілігі қаралып, «сөгіс», №32, 117, 124, 232 мектеп директорларына «сөгіс» тәртіптік шара беріліп, №116, 122, 123 мектеп директорлары жұмыстан босатылды.

Сырдария ауданы - 2 мектеп бойынша 7,9 млн теңгеге (№191-4576,1 м.т; №210-3383,7 м.т.) бұзушылықтар анықталып, жалақыға артық аударылған 1,6 млн теңге қаржы өндірілді. Бұзушылыққа жол берген №191 мектеп есепші жұмыстан босатылды. №210 мектеп есепшісіне «қатаң сөгіс», №191 мектеп директорына «ескерту» тәртіптік шара берілді.

Облыс әкімі аппараты жанындағы ішкі аудит қызметінің жүргізген ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде  Қызылорда қаласының 5 мектебі бойынша 12,7 млн теңгеге (№179 – 1,2 млн тг, №7 -0,188 млн тг, №8 – 0,985 млн тг, №145 – 10,3 млн тг, №187 – 0.04 млн тг) бұзушылықтар анықталып, жалақыға артық аударылған 11,3 млн теңге қаржы өндірілді. Бұзушылыққа жол берген №145 мектептің есепшісі жұмыстан босатылды. Ал, №8, 179 мектептер бойынша бұзушылыққа жол берген есепшілеріне «сөгіс», №8, 145 мектептің директорларына «ескерту» түріндегі тәртіптік шара берілді.

Ревизиялық комиссия тарапынан жүргізілген тексеру нәтижесінде Қазалы ауданындағы №266 мектеп-лицейінде аудиторлық тексеру барысында анықталған 8,1 млн теңге №266 мектеп-лицейінің шотына аударылып, шығындар қалпына келтірілді. Бұзушылыққа жол берген есепші жұмыстан босатылып, мектеп директорына «қатаң сөгіс» тәртіптік шара берілді.

 

  1. Қалалық, аудандық білім бөлімдері тарапынан жүргізілген ішкі талдау тәуекелдері

  Арал ауданындағы №227 негізгі мектептің арызына сәйкес мектептің

қаржы-шаруашылық қызметін зерделеп беру үшін білім бөлімі тарапынан жұмысшы тобы құрылып, жұмыстар атқарған. 2021-2022 жылдар аралығында мектеп есепшісі 23,7 млн теңге негізсіз қаржы алған. Қазіргі таңда бюджетке өндірілді. Мектеп директорына «қатаң сөгіс» тәртіптік шара беріліп, есепшісі жұмыстан босатылды.

          Арал ауданы бойынша білім бөлімінің 02.02.2023 жылғы №28 бұйрығымен жұмысшы тобы құрылып аудандағы №75 мектептің 2021-2022 жылдар аралығындағы еңбекақының қаржылық есептілікте жалақыға артық аударылған 2,5 млн теңге қаржы жергілікті бюджетке өндірілді. Бұзушылыққа жол берген №75 мектептің есепшісі мен мектеп директорының міндетін атқарған лауазымдық қызметінен босатылды. №69 орта мектебінің директоры «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік шара берілді.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша

ҰСЫНЫМДАР ТІЗБЕСІ

  1. Білім беру ұйымдарында бюджет қаржысын өз мақсатында пайдаланылып, негізсіз жұмсалуын алдын алу мақсатында басқарма жанынан «Бухгалтерлік есептілікті жүргізу» бойынша орталықтандырылған «Қаржы орталығы» мекемесін ашу қажет. Орталықтандырылған есеп бөлімі бір жерден білім беру ұйымдары бойынша бюджеттік өтінімдерді, штаттық кесте, тарификациялық тізім (ведомстваға бағынысты ұйымдар бойынша жиынтық кесте) құрастырылып, бекітеді.
  2. Білім беру мекемелерінде өзіне қарасты мекемелері еңбек ақыны жоспарлаудағы қателерді ақпараттық жүйе арқылы дер кезінде анықтау мақсатында бюджеттік өтінімдерді, оның ішінде тарификациялық тізілімдерді өткізу, қабылдау және бекіту жұмыстарын, қолданыста бар ақпараттық жүйелер арқылы («е-МинФин» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйе немесе басқа да) толық автоматтандыру шараларын қабылдау қажет.
  3. «Бұлтты Бухгалтерия» бағдарламасы мен «Қазынашылық-Клиент» бағдарламасы арасын байланыстыру (интеграциялау), сонымен қатар еңбекақы төлеу жөнінде қаржылық мәлімдемелерді «Бұлтты Бухгалтерия» бағдарламасынан «Қазынашылық-Клиент» бағдарламасына автоматты бірден жіберу қосымшасын орнату шараларын қабылдау.
  4. Білім беру мекемелері еңбекақыны басқа үшінші тұлғағаларға аударуды болдырмау мақсатында «Бұлтты Бухгалтерия» бағдарламасын «enbek.kz» бағдарламасымен байланыстыру (интеграциялау) бойынша ұсыныс енгізу, платформаны жетілдіру.
  5. Білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдары конкурсқа қатысуға екі немесе одан көп өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты Үлгілік конкурстық құжаттамадағы өлшемшарттарға сәйкес балл қоюды автоматты түрде есепке алу мақсатында «мемлекеттік сатып алу веб-порталында» көрсетілген тарих (электронды қызметті қабылдау актісі, салық төлеу анықтамасы және т.б) негізінде жеңімпазды автоматты түрде анықтау.
  6. Мектеп директорларының (қаржы-шаруашылық қызметі саласында біліктілігін арттыру) лауазымының біліктілік талаптарына қаржылық құжаттар, оның ішінде банктерге ұсынылатын құжаттарға қатысты сауаттылығы болу талабын қосу.
  7. Есепшілердің өз функциясын ұқыппен атқаруына ынталандыру мақсатында есепші мамандардың айлық жалақысын көбейту.
Дата публикации
25 мая 2023
Дата обновления
25 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Есеп
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында азаматтық бюджеттің атқарылу есебі
Мақалалар
21 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы