Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың наурыз айы бойынша атқарылуы туралы есебі

«Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылы 25 бюджеттік бағдарламасын іске асыруға 302 196 067,0 мың теңге, ал нақтыланған бюджет 280 371 284,0 мың теңге қаражат бекітілді.

         Білім басқармасы бойынша 66 327 046,2 мың теңге қаржы жоспарланып, 66 319 142,05 мың теңге атқарылып, 7 904,15 (МБ-7904,15) мың теңге игерілмей (үнемделгені-3173,15 мың теңге, басқа да себептермен-4731,0 мың теңге) 100,0 пайызды құрап отыр.

         Оның ішінде, үнемделгені 3 173,15 мың теңге,

          ЖБ – 3173,15 мың. тг. (1058,73 м.тг. еңбекақы, еңбек демалысы мен салықтардан, 387,65 мың теңге құрылыс, шаруашылық тауарлардан, 789,06 мың теңге байланыс қызметтері мен коммуналдық шығындардың нақты орындалу актіге және 937,71 м.т. әр түрлі ерекшеліктен үнемделген)

           Қалған  4 731,0 мың.тг. оның ішінде:

         4731,0 мың теңге, оның ішінде 3287,0 мың теңге Шиелі ауданы бойынша №244 мектептің кеңсе, шаруашылық тауарлары мен құрылыс заттарын мердігер толық нысанға жеткізбегеннен және 433,0 мың теңге Жалағаш ауданы бойынша №202 мектептің айыппұл төлеу ерекшеліктерінің ББК сәйкестігін дұрыс көрсетпей, 700,0 мың теңге Жаңақорған ауданы бойынша №28 «Алпамыс» санаториялық балабақшасы кеңсе жабдықтарының, 311,0 мың теңге Қызылорда қаласы бойынша №212 мектептің шаруашылық заттарының тауар құжатына сәйкес төлем жүргізу құжатының ресми қателіктер жібергеннен қалған қалдық.

Дата публикации
01 апреля 2026