Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың ақпан айы бойынша атқарылуы туралы есебі

«Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылы 25 бюджеттік бағдарламасын іске асыруға 302 196 067,0 мың теңге, ал нақтыланған бюджет 290 371 284,0 мың теңге қаражат бекітілді.

         Білім басқармасы бойынша 38 378 769,6 мың теңге қаржы жоспарланып, 38 367 035,16 мың теңге атқарылып, 11 734,44 (МБ-11734,44) мың теңге игерілмей (үнемделгені-7769,16 мың теңге, басқа да себептермен-3965,28 мың теңге) 100,0 пайызды құрап отыр.

         Оның ішінде, үнемделгені 7769,16 мың теңге,

          ЖБ – 7769,16 мың. тг. (4340,53 м.тг. еңбекақы, еңбек демалысы мен салықтардан, 101,75 мың теңге құрылыс, шаруашылық тауарлардан, 2616,61 мың теңге оқушылардың қашықтықтан оқытылуына байланысты 1-4 класс пен аз қамтылған отбасы балаларына берілетін ыстық тамақтан, 710,27 м.т. әр түрлі ерекшеліктен үнемделген)

          Қалған  3965,28 мың.тг. оның ішінде:

         3965,28 мың теңге, оның ішінде 1405,64 мың теңге №2 облыстық балалар оңалту орталығы КММ азық-түлік, 925,4 мың теңге Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің "№19 санаторлық бөбекжай-бақшасы"  КММ азық-түлік, 500,0 мың теңге "№2 облыстық дарынды балаларға арналған  мектеп-интернаты" КММ дәрі-дәрмек заттарын мердігер толық нысанға жеткізбеген, 434,81 мың теңге ақпан айында «Балдаурен» сауықтыру лагеріне балаларды апарып алып келуші жетекшілердің уақытылы іс-сапар есептерін өткізбеуінен, 699,43 мың теңге «BilimLand» ақпараттық жүйесі мен байланыс қызметтері төлем шоттарынан ресми қателіктер жібергеннен қалған қалдық.

 

Дата публикации
02 марта 2026