«Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылы 25 бюджеттік бағдарламасын іске асыруға 302 196 067,0 мың теңге, ал нақтыланған бюджет 290 371 284,0 мың теңге қаражат бекітілді.
Білім басқармасы бойынша 16 037 786,5 мың теңге қаржы жоспарланып, 16 032133,06 мың теңге атқарылып, 5653,44 (МБ-5653,44) мың теңге игерілмей (үнемделгені-2413,74 мың теңге, басқа да себептермен-3239,7 мың теңге) 100,0 пайызды құрап отыр.
Оның ішінде, үнемделгені 2413,74 мың теңге,
ЖБ – 2413,74 мың. тг. (2037,7 м.тг. еңбекақы, еңбек демалысы мен салықтардан, 120,0 мың теңге «Білім Лэнд» ақпараттық жүйеден, 256,04 м.т. әр түрлі ерекшеліктен үнемделген)
Қалған 3239,7 мың.тг. оның ішінде:
3239,7 мың теңге, оның ішінде 923,7 мың теңге Қазалы ауданы бойынша №134 мектептің шаруашылық заттарды мердігер толық нысанға жеткізбеген, 1618,0 мың теңге басқарманың шоты бұғатталып, газет-журналға жазылу мен аппарат қызметкерлері, «Балдаурен» балалар тынығу лагеріне апаратын қызметкерлердің іс-сапар шығындары қаражатынан, 399,0 мың теңге Арал мен Шиелі ауданы айыппұл төлеу ерекшеліктерін ББК сәйкес және 299,0 мың теңге автокөлікті сақтандыру шарттарын сатып алу заңдылығына сәйкес дұрыс көрсетпей ресми қателіктер жібергеннен қалған қалдық.