Қызылорда облысында апатты жағдайдағы мектептерді, оқушы орын тапшылығын жою, үш ауысымда оқытудың алдын алу мақсатында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 2023-2025 жылдары 6900 орындық 10-шы мектеп салу жоспарланды.
Анықтама үшін: Қызылорда қаласында – 5, Арал ауданында – 2, Қазалы ауданында – 1, Жаңақорған ауданында – 2 мектеп.
Мектеп құрылысын жоспарлаудағы басты басымдық үш ауысымда оқытуды болдырмауға, оқушылар орнының тапшылығына, апатты мектептерді жоюға бағытталған.
Жоба бойынша апатты және бейімделген мектептердің орнына 3 мектеп (ҚБИ ықшам ауданы, Қызылорда қаласы, №197, Жаңақорған, Жаңарық ауылы, №167, Қазалы, Жанқожа батыр ауылы, №94), жаңа шағын аудандардағы 7 мектеп салынды.
Бүгінгі таңда 10 мектеп салынып, пайдалануға берілді.
Анықтама ретінде:
- Қызылорда қ. Арай мөлтек ауданындағы 1500 орындық мектеп;
- Қызылорда қ.СПМК-70 шағын ауданындағы 1500 орындық мектеп;
- Қызылорда қ.Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 900 орындық мектеп; - Қызылорда қ КБИ мөлтек ауданындағы 600 орындық мектеп;
- Қызылорда қ Қызылжарма мөлтек ауданындағы 600 орындық мектеп;
- Арал қаласындағы 300 орындық мектеп;
- Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп;
- Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылындағы 300 орындық № 94 апатты мектеп;
- Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті Саяжай ш/а 600 орындық мектеп; - Жаңақорған ауданы, Жаңарық елді мекеніндегі 300 орындық мектеп