Мемлекеттік сатып алу бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар

2025 жыл бойынша мемлекеттік сатып алу және тауарлар мен қызметтерді және жұмыстарды сатып алуға барлығы 1 633 088 578.25 теңге бөлінді.

Басқарма басшысының 2024 жылдың 20 желтоқсандағы №133-НҚ бұйрығымен «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілді.

2025 жылы мемлекеттік сатып алулар жылдық жоспарға сәйкес қолданыстағы Заңға сәйкес өткізілді. Оның ішінде:

Ашық конкурс тәсілі арқылы – 38 сатып алу жарияланып, 38 сатып алуға келісім шарт жасалды.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы – 46 сатып алуға 46 келісім шарт жасалды.

Бір көзден сатып алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы – 15 сатып алуға 15 келісім шарт жасалған.

2025 жылға бекітілген 162 мемлекеттік тапсырысты орындау жоспары аясында барлығы 19 922 333 683.73 теңгеге мемлекеттік білім беру тапсырысының қызметтері туралы шартқа отырды.

Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының талаптары сақталған және де өткізілген сатып алуларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы талаптарының бұзылуына ықпал ететін фактілер анықталмады.

 

Дата публикации
13 января 2026