Мемлекеттік қызметтің оң иммиджін нығайту бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар ақпараты

2025 жылдың 4-тоқсанында кезекті профилактикалық семинар-кеңес Қызылорда облысының білім басқармасында өтті. Жиынға облыстық білім басқармасы мен Қызылорда қалалық білім бөлімінің, онлайн форматта аудандық білім бөлімдерінің және басқармаға қарасты мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдат Әбдіқадыр ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» белгіленген қызметтік әдептілік стандарттарын және 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын түсіндірді.

Сонымен қатар, мемлекеттік орган қызметкерлерінің арасында лудоманияның алдын алу мақсатында ойын мекемелеріне барудан бас тарту, құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу туралы түсіндірме берілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және оларға теңестірілген адамдар «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды. Сәйкесінше сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамау лауазымға қабылдаудан бас тартуға не жұмыстан шығаруға (атқарып жүрген лауазымынан босатуға, өкілеттіктерін тоқтатуға) алып келеді», - деді Б.Әбдіқадыр.

Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын және әкімшілік сыбайлас жемқорлық баптары бойынша құқық бұзушылықтар жасаған жағдайдағы жауаптылықтары ескертілді.

Дата публикации
12 января 2026