«Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының 2025 жылғы «23» желтоқсандағы № 175-нқ бекітілген.
Мемлекеттік қызметшілердің "Documentolog" ақпараттық жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн-курсты өтуі (100%) құрайды.
Басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтау бағытында басқарма басшылығы тарапынан тұрақты түрде түсіндірме жүргізіліп, барлық қызметкерлерден сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында қол хат алынған.
Басқарма басшылығымен өткізілетін барлық алқа отырыстарында білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерін лауазымға қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, ашықтық пен әділдік принциптерін қамтамасыз ету, қаржы-шаруашылық мақсаттағы жұмыстарды жүзеге асыру барысында бірінші қол қою құқығының тек мемеке басшысында болатындығы, электронды цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерінің басқа тұлғаларға берілмеуін қатаң сақтау жөнінде үнемі тапсырмалар беріліп түсіндірме жүргізіледі.