Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың қыркүйек айының атқарылуы туралы есебі

«Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы 26 бюджеттік бағдарламасын іске асыруға 299 650 828,1 мың теңге қаражат бекітілді.

         Білім басқармасы бойынша 215 032 073,3 мың теңге қаржы қыркүйек айына жоспарланып, 214 993 048,23 мың теңге атқарылып, 39 025,07 (РБ-317,6; МБ-38707,47) мың теңге игерілмей (үнемделгені-19592,27 мың теңге, басқа да себептермен-19432,8 мың теңге) 100 пайызды құрап отыр.

 

         Оның ішінде, үнемделгені 19 592,27 мың теңге,

          РБ – 317,6 мың теңге млн. тг. (317,6 м.тг. еңбекақы, еңбек демалысы мен салықтардан үнемделген),

          ЖБ – 19274,67 мың. тг. (14326,0 м.тг. мектептердің еңбекақысы, еңбек демалысы мен салықтардан, 231,7 мың теңге азық-түлік сатып алудан, 214,7 м.тг. байланыс қызметтері мен коммуналдық шығындардан, 2503,6 мың теңге бала санының азаюынан берілген ыстық тамақтан, 944,3 мың теңге құрылыс, шаруашылық тауарлардан, 390,7 мың теңге қызметтік іс-сапардан, 338,4 мың теңге құрал-жабдықтан, 325,27 м.т. әр түрлі ерекшеліктен үнемделген).

           Қалған  19432,8 мың.тг.

         19432,8 мың теңге, оның ішінде, Қызылорда қаласы бойынша №287 орта мектептің есебінде 6001,4 мың теңгеге жанар-жағар май мекеме қоймасына әлеуетті өнім беруші толық жеткізбегендіктен, 3082,5 мың теңге Жалағаш ауданы бойынша  №117 мектеп сұйық отын сатып алу төлем шотының құжатын дұрыс рәсімдемеген, 10348,9 мың теңге №15 мектеп күрделі жөндеу жұмысы үшін орындалған актіде рәсімдік қателіктен қалған қаржы.

Дата публикации
02 октября 2025