«Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың тамыз айының атқарылуы туралы есебі

«Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік   

мекемесінің 2025 жылы 26 бюджеттік бағдарламасын іске асыруға  299 649 943,1 мың теңге қаражат бекітілді.

         Білім басқармасы бойынша 194 885 129,4 мың теңге қаржы тамыз айына жоспарланып, 194 850 996,0 мың теңге атқарылып, 34133,4 (РБ-537,7; МБ-33595,7) мың теңге игерілмей (үнемделгені-34133,4 мың теңге) 100 пайызды құрап отыр.

         Үнемделгені 34133,4 мың теңге , оның ішінде

         РБ – 537,7 мың теңге (537,7 м.тг. еңбекақы, еңбек демалысы мен салықтардан үнемделген).

         ЖБ – 33595,7 мың.тг (6424,5 м.тг. мектептердің еңбекақысы,  еңбек демалысы мен салықтардан, 1902,7 м.тг байланыс қызметтері мен коммуналдық шығындардан, 6861,9 м.тг күндізгі тынығу лагерінің нақты бала санынан  үнемделген, 10075,8 м.тг қаржылай көмек алатын нақты бала санынан үнемделген. 8330,8 м.тг әр түрлі ерекшеліктен үнемделген).

 

Дата публикации
04 сентября 2025