Қосымша білім беруге арналған
бірыңғай мемлекеттік тапсырысты
орналастыру туралы
1. 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдары мен қосымша білім беру ұйымдары балаларға қосымша білім беруге арналған бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (шығармашылық және спорттық тапсырыстар, қосымша білім беруге арналған білім беру тапсырысы) орналастыру жобасы аясындағы барлық үдерістерді қызмет алушыларға дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып және қосымша білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру арқылы «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінің «Балаларға қосымша білім беру» модулі арқылы жүзеге асырсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басқарма басшысының тиісті жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқарма басшысы А. Есжанов