Мемлекеттік сатып алу саласында орталықтандырылған бірыңғай тәжірибені қолдану және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында, облыс әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №687 қаулысының негізінде 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап барлық сатып алу конкурстары облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен (әрі қарай - Басқарма) және білім басқармасы тарапынан конурстар өткізіліп келеді.
2025 жылдың 6 айы бойынша басқармамен 4,7 млн.теңгеге барлығы 135 мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды.183 конкурстың 54 - ашық конкурс, 60 - баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, 21 - сатып алулар тікелей бір көзден шарт жасасу арқылы өткізілді.
Сонымен бірге, мемлекеттік тапсырыс аясында колледждермен барлығы 99 келісім шартқа отырып, 16 899 672 382 теңге игерілді.
Бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында басқарма тарапынан барлық облыстық тапсырыс берушілердің мамандары үшін 6 айы бойынша 6 онлайн-конференция, 4 семинар-кеңес, 2 дөңгелек үстел, 1 брифинг және қызметкерлер арасында 5 құқықтық оқыту ұйымдастырылды.