Мектептен тыс 64 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды.
Ақпарат ретінде: 1 қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, шығармашылық және инновация академиясы. 1 оқушылар сарайы, 8 оқушылар Үйі, 13 өнер мектебі, 23 спорт мектебі, теннис орталығы, 8 тынығу лагері, 5 мектеп жанындағы орталық, 5 жеке қосымша білім беру ұйымы.
Ондағы үйірмелер мен секцияларға 66 394 оқушы қатысады. Бұл облыстағы барлық білім алушының 36%-ын құрайды.
Облыстағы 9 оқушылар үйі, 1 оқушылар сарайы, 13 өнер
Қызылорда қаласының сол жағалауынан 2024 жылы қазан айында құны 2,37 млрд теңгені құрайтын, 350 орындық жаңа Оқушылар сарайы жеке инвестор есебінен («Қазгермұнай» БК ЖШС) салынып, пайдалануға берілді.
(Анықтама үшін: ашылған жылы - 2024 жыл, қаржысы- 2,37 млрд тг, орналасқан жері: -Қызылорда қаласы, сол жағалау, ауданы: 3,0 ш/м, штат құрамы: -50, үйірмелер саны-30, қамтылған оқушылар: 985)
Нысанда соңғы үлгідегі материалдық-техникалық базамен жабдықталған кабинеттер жабдықталған.
Ғимаратта келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолайлы жағдай жасау мақсатында климаттық бақылау, энергия үнемдейтін, көру үшін қауіпсіз шамдар, бейнебақылау, жасыл оазис, ауа тазарту, өрт қауіпсіздігі жүйелері қарастырылған.
2024 жылдың желтоқсан айында Жаңақорған ауданында 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі пайдалануға берілді.
Бұдан басқа, 2025 жылғы мамыр айында қала орталығынан соңғы заманауи үлгіде жабдақталған, бір ауысымда 500, күніне 3000 білім алушыға арналған «Сыр жұлдыздары» Шығармашылық және инновация академиясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Бұл жерде 40-қа жуық үйірме, үлкен және кіші бассейн, спорт-жаттығу залдары, пәндік және шығармашылық кабинеттер қарастырылған.
Биылғы жылы Шиелі ауданынан 200 орындық «Оқушылар сарайы» мен 50 орындық «Өнер» мектебінің құрылысы жүргізілуде.