Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар ақпараты

Аймақта мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған 676 мектепке дейінгі ұйымда (160 мемлекеттік, 52 шағын орталық, 464 жекеменшік балабақша) 50 079 бала тәрбиеленуде (оның ішінде мемлекеттік 212 мектепке дейінгі  ұйымдарда – 16 478, 464 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда – 33 601 бала).

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші – 92,6%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші – 100%.

Облыстағы мектепке дейінгі ұйымдарда 6322 педагог бар. Оның ішінде жоғары білімдісі – 4606(72,9 %), арнаулы орта білімдісі - 1716(27,1 %).

Біліктілік санаттары бойынша:  

«Педагог-шебер» - 7, «Педагог-зерттеуші» - 102,  «Педагог-сарапшы» - 585, «Педагог-модератор» - 2020.

Жоғары санатты - 47, Бірінші санатты - 111, Екінші санатты – 191, Санаты жоқ–3259.

«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасынасәйкес баласын отбасында тәрбиелеу қағидатын ұстанатын, баласын балабақшаға жіберуге асықпайтын ата-аналар үшін консультациялық пункттер желісі кеңеюде.

Ата-аналарға арналған 160 (қалада – 28, ауылда -132),консультациялық пункт қызмет етуде.

МДҰ мамандары (меңгерушілер, әдіскерлер, логопедтер, психологтар, қазақ тілі педагогтері, музыка және дене шынықтыру жетекшілері)ата-аналардың өтініштері бойынша онлайн/офлайн форматтарында жеке және топтық консультациялар өткізіп, баламен қарым-қатынас, ойын және оқыту іс-әрекеттері, тамақтану және қауіпсіздік бойынша дәрістер; баланы балабақшаға тіркеу және орналастыру мен балабақшаға бейімдеу туралы әңгімелер; шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізді.

Облыста МДҰ базасында озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізуге арналғанқұзыреттілік орталықта биыл тәжірибелік алаңдар, көшпелі семинарлар мен шеберлік сыныптарымен 3902 педагог қамтылды.

Сондай-ақ, өңірлік әдістемелік орталық, қалалық/аудандық білім бөлімдері жанынан құрылған 15 (облыстық әдістемелік кабинет жанынан -1, қалада -  7, ауылдық жерде -7) мобильдік топ педагогтерге әдістемелік көмек көрсетеді.

Анықтама:балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлеріне әдістемелік көмек көрсетіліп, мониторингтің мақсаты, оны дұрыс толтырудың маңыздылығы түсіндірілді, балабақшаларды мемлекеттік аттестаттау бойынша консультациялар өткізілді, «Инклюзия жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық –педагогикалық сүйемелдеу» дөңгелек үстелі, «Эмоционалды интеллект жеке әлеуетті дамыту факторы ретінде» семинары және басқа да іс-шаралар өткізілді.

Дата публикации
16 июля 2025