Облыс бойынша 16 мамыр – 5 шілде аралығындағы ҰБТ-ға 9549 түлектің 8402 – і немесе 88 % қатысты (2023-2024 жылы облыс бойынша 8285 бітірушінің 7391 (89,2%) ҰБТ-ға қатысты).
100 және 100 ден жоғары балл жинаған – 1398 (2023-2024 100 және 100 ден жоғары балл жинаған оқушы саны -1215).
Облыста 2 оқушы ең жоғары балл – 138 (мүмкін болған 140 балл)
11 - сыныпты бітірген 9549 оқушының 756 немесе 8 пайызы «Алтын белгіге» белгісінің иегерлері. 1028 немесе 11 пайызы «Үздік аттестат» иегерлері (2023-2024 жылы 579 «Алтын белгі» белгісіне және 856 Үздік аттестатқа аяқтады).
Грант конкурсына қатысу құжаттар тапсыру 13-20 шілде аралығында, грант иегерлерінің тізімі 10 тамызда шығады.
Анықтама ретінде: Облыс бойынша 2023-2024 оқу жылында 11 - сыныпты 8 285 бітіруші түлектің 7 391-і ҰБТ-ға қатысты. Мемлекеттік грант конкурсына қатысқандар саны – 6 252 .
Мемлекеттік грант иегерлерінің саны – 4 752 немесе 76,1 пайызды құрады Мамандықтар бойынша: Педагогикалық бағыттағы мамандықтарға – 1 651 (34,7 %), медициналық мамандықтарға - 460 (9,7 %), техникалық бағытқа – 1 322 (27,8 %), ауыл шаруашылығы мамандықтарына – 344 (7,2 %), басқа да мамандықтар бойынша – 975 (20,6 %) түлек грант иегері атанды.Сонымен қатар, 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгі» белгісін алған түлектердің 222-і яғни 43,7 %-ы педагогикалық бағыттағы мамандықтарға оқуға қабылданды.
Аймағымыз бойынша биылғы жылы ҰБТ 409 (359) орынға арналған 4 мамандандырылған тестілеу орталықтарында ((Қызылорда қ., Сол жағалау, 115 ("Болашақ" университеті -159, Аймақтық тестілеу орталығы), Арал ауданы, Арал қаласы - 50 орын (В.Терешкова көшесі №1 А, Ұ. Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясы), Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті - 100 орын (Е. Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей ғимараты, Н. Нұрмағанбетұлы көшесі №128 үй), Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті - 100 орын (№110 мектеп-лицей ғимараты, Ү. Мадиев көшесі №51 үй) өткізілді.
ҰБТ өткізу барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құзырлы органдар (полиция, төтенше жағдайлар департаменті, облыстық білім (қала, аудандық білім бөлімдері), денсаулық сақтау басқармасы) тарапынан арнайы кезекшіліктер ұйымдастырды.