Балаларды ыстық тамақпен қамту бойынша 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар ақпараты

Облыста 300 мемлекеттік мектепте (8 мектеп-интернаттарды қосқанда) ыстық тамақ ұйымдастырылады, оның 5-і буфеттік (Арал -3, Шиелі - 2).

Тегін тамақпен қамтылған бала саны – 88 168, оның 63 256-ы бастауыш сынып оқушылары, 5-11 сынып аралығындағы әлеуметтік осал 24 912 оқушы.

2025 жылы ыстық тамақпен қамтуға жергілікті бюджеттен 9 млрд. 312 млн. тг. бөлінген.

Орташа тамақтану құны 620 тг. құрайды. Облыс бойынша ортақ ас мәзірі бекітілген.

Ақпарат ретінде: 2025 жылға арналған Ас-мәзірі ҚР Үкіметінің №320 қаулысында көрсетілген нормалары негізінде арнайы құрылған комиссиямен қаралып, басқармамен бекітілді (6-10 жас 588,1 тг., 11-14 жас 608,2 тг., 15-18 жас 663,6 тг.).

Асханасы жоқ 5 мектепте (Арал ауданы - 3, Шиелі - 2) буфеттік тамақтанумен 113 оқушы қамтылған.

Ақпарат ретінде: Арал ауданы асханасы жоқ 3 мектеп Жалғызағым, Көнту бастауыш мектептері, Тоқабай ауылы №248 мектеп, Шиелі ауданы асханасы жоқ 2 мектеп №151, Жуантөбе тегін буфеттік тағам ұйымдастырылған.

Дата публикации
15 июля 2025