Облыс бойынша 8381 мүмкіндігі шектелу бала (ПМПК) есебіне алынған.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім алуға жағдай жасалған мектептердің үлесі 97 %-ді құрайды.
Жалпы мемлекеттік балабақшалар 100 % арнайы кабинет және арнайы мамандарымен қамтылды. Балабақшаларда 235 арнайы мамандар жұмыс жасайды
Өңірдегі 297 мектептің 177-де инклюзивтік қолдау кабинеттері, 8 мектепте инклюзивтік ресурстық орталықтар ашылды. 2025-2029 жылдары тағы 14 инклюзивтік кабинет ашу жоспарланды.
Жалпы орта білім беру мектептерде 612 арнайы маман қызмет көрсетті.
Аймақта 23 арнайы білім беру ұйымдары (6 ПМПК, 1 арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 3 оңалту орталығы, 3 облыстық арнайы мектеп-интернат, 1 аутизм орталығы) жұмыс жасайды.
Өңірде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға арналған шаралар көптеп ұйымдастырылады:
Атап айтсақ, «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалі, «Жұлдызай» Ұлттық инклюзивті ойындары жыл сайын өткізіледі. Жыл сайын 300-ден астам бала аталған шараларға қатысып, жеңімпаздар Астана, Алматы қалаларында өтетін республикалық кезеңге қатысады.