Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізуге байланысты облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, аймақтағы кәсіптік білім беру саласын трансформациялаудың жол картасы қабылданды.
Қазіргі таңда, өңірімізде 28 колледж бар (17-мемлекеттік, 11-жекеменшік). Оны ішінде 19 колледжде 45 мамандық 49 біліктілік бойынша жұмысшы кадрлары даярлануда.
Жалпы – 20 341 студенттің (10729 - мемлекеттік, 9612 - жекеменшік, күндізгі бөлімде – 19 390 студент) 4890-і жұмысшы мамандығы бойынша білім алуда. Ағымдағы жылы 2 колледж базасында (Арал индустриальды-техникалық және Қызылорда құрылыс және бизнес колледждері) «Тігін цехы» ашылып жұмыс жасауда.
Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі энергетика мамандығы бойынша «АРЕС Training Center» тренингтік орталығы арқылы халықаралық аккредитациядан сәтті өтіп, халықаралық стандарттарға сәйкес кадрлар даярлауға мүмкіндік алды. Колледж бүгінгі күні құрылыс мамандығы бойынша аккредитациядан өтуге дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен бірге, халықаралық байланысты дамытуға орай колледждер Түркия, Қырғызстан, Германия, Ресей, Латвия, Өзбекстан, Польша мемлекеттерімен 7 халықаралық, 98 республикалық және 56 аймақтық оқу орындарымен барлығы – 161 ынтымақтастық меморандумға қол қойды.
Сонымен қатар, Польшаның «WSG BYDGOSZCZ» БИДГОЗК Университетімен салааралық каластер құруға (И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі) және Германия мемлекеті “7 RIVERS" компаниясының 80,0 млн. тг тапсырысы негізінде «Шыны талшықтарын өңдеу» мамандығы бойынша 100 маман даярлауға екі жақты келісім-шарттарға қол қойылды. Аталған шаралар алдағы уақытта жүзеге асырылатын болады.
Ағымдағы жылы 11 мемлекеттік колледждің материалдық-техникалық базаларын жабдықтауға 2,02 млрд тг, 4 колледжге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1,9 млрд тг, 1 колледжге қосымша құрылыс (асхана, акт зал, спорт зал) жүргізуге 732,3 млн тг қаржы бөлу жоспарланып отыр.
"Мамандығым - Болашағым" жобасы аясында мамандықтар «Атласын» әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен 22,0 млн теңге қаржы бөлініп, конкурс өткізілді. (23.05.2025, 12.06.2025). "Астана" халықаралық ғылыми кешені" жекеменшік мекемесі жеңімпаз атанды. Жыл соңына дейін мамандықтар «Атласы» әзірленетін болады.
Жұмысшы мамандықтар жылы жүзеге асырылатын барлық іс-шаралар ай сайын «Битрикс» ақпаратты жүйесіне енгізілуде.
«Мансап компасы» платформасы арқылы 3000 оқушыға кәсіби бағдар беру, 20 мың оқушыға кәсіпорын базаларына экскурциялар ұйымдастырылып, 40 мектеп базасында бейінді сыныптар ашылды.
1500 оқушының қатысуымен «Jas Skills», «Junior Skills» шеберлік конкурстары өткізілді. Колледждер базасында 300 кәсіпорындар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі мен ашық есік күндері ұйымдастырылды. «Бизнес стартап» орталығы арқылы 150 студенттің кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру шаралары жүзеге асырылды.
Ақпарат ретінде: Қазіргі таңда, «Адал еңбек-адал табыс» атты мектеп бітірушілер үшін ашық есік күні, «Байқоңырдың әлеуметтік-экономикалық дамуында жұмысшы мамандықтарының ролі» және «Халықаралық байланыс – колледж кеңістігінде» атты халықаралық форумдар, «Worldskills Kazakhstan» ұлттық чемпионатының аймақтық іріктеу байқауы, «Жастық жалынымыз – Сүйікті Отанымызға» атты республикалық патриоттық жастар форумы, «Орман шаруашылығы», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандықтары бойынша педагогтар арасында республикалық кәсіби шеберлік байқаулары, жұмысшы мамандарының облыстық форумы өткізілді.
Ағымдағы жылғы 19 маусымда 30 жұмысшы құзыреттілігі бойынша 160 студенттің қатысуымен өткізілген «Worldskills Kazakhstan» ұлттық чемпионаты аймақтық іріктеу байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өткізілді.
Сонымен бірге, алдағы уақытта «Еңбек адамы» облыстық фотосуреттер байқауы, «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Робототехника және кірістірілген жүйелер» жұмысшы мамандықтары бойынша республикалық конкурстар өткізіледі.
2025 жыл 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Саут-Сойл» компаниясының демеушілігімен құны 4,8 млрд теңгені құрайтын 250 орынды жатақханасы бар 400 орынды Музыкалық колледждің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
2025 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алушылар саны артты (РБ – 2200 орын, ЖБ – 3108 орын, жалпы – 5308 орын. 2024 жылы – 4608 орын).
Бүгінгі күні, мемлекетік 15 колледж жұмыс беруші кәсіпорындар мен мекемелермен шефтік қамқорлыққа байланысты екі жақты келісім-шарттарға қол қойып, тиісті жұмыстарды жүзеге асыруда.
Абылай хан атындағы жоғары колледжі базасында ағымдағы жылы «Тігін ісі» мамандығы бойынша шағын кәсіпорын ашу жоспарланып отыр.
Арал индустиалды-техникалық колледжі мен С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі базасында «Құзыреттілік орталығы» ашылатын болады.
Сонымен қатар, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық және М.Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық - IT колледждері базасында студенттер үшін «Бизнес-стартап» жобасы жүзеге асырылады.