Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия хаттамасы

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия

ХАТТАМАСЫ №2                   09-10/6/3538-и, 20.06.2025 ж.

Қызылорда қаласы                                                                                18 маусым 2025 ж.

Төрағалық етті: облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы - Ш. Байманов

Қатысқандар: Комиссия мүшелері (тізім бойынша)

Күн тәртібі

Конкурс шарттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы

орналастырылатын техникалық жән кәсіптік білім беру ұйымдарын (бұдан әрі - ТжКББ)  анықтау туралы

(Ш.Байманов, А. Есжанов)

       Конкурс шарттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ТжКББ ұйымдарын анықтау үшін Комиссия ШЕШІМІ ЕТТІ:

  1. Конкурс шарттары бойынша жүргізілген жұмыстар туралы Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Б. Есенбаевтың хабарламасы қаперге алынсын.
  2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес ТжКББ ұйымдарына қойылатын талаптар бойынша олардың сәйкестік дәрежесіне жүргізілген бағалау негізінде анықталған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ТжКББ ұйымдары бекітілсін (1-қосымша).
  3. Облыстық білім басқармасы (А. Есжанов):

       - 2025-2026 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы мамандықты (біліктілікті), оқыту базасын және оқыту тілін, жобалық мүмкіндігін көрсете отырып, ТжКББ ұйымдарына орналастыруды және 2025 жылғы 20 маусымға дейін ресми интернет-ресурстарында жариялауды;

       - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына» сәйкес ТжКББ ұйымдарында талапкерлердің таңдауы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді қамтамасыз етсін.

  1. 4. Осы хаттаманың орындалуын бақылау облыстық білім басқармасының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары А. Есжановқа жүктелсін.

       Дауыс бергендер: жақтаушы – 8, қарсы - 0, қалыс – 0, қатыспаған – 0.

Комиссия төрағасы                                                         

Ш. Байманов

Комиссия төрағасының

орынбасары

 

А. Есжанов

Комиссия мүшелері

Ж. Досжан

 

А. Досжанов

 

Ж. Даулетбаева

 

Д. Баймаханов

 

Ж. Берденова     

 

П.Сыздық                                                                                                                   

 

Ж. Бекішев

Комиссия хатшысы 

Б. Есенбаев 

№1 қосымша

 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 2025-2026 оқу жылына

 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарға сәйкестікті бағалаудың қорытындысы

 

 

Өңір атауы

Білім беру ұйымының атауы

Сәйкестік балы

 

Мемлекеттік колледждер

1         

Қызылорда

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

26

2         

Қызылорда

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі

25

3         

Қызылорда

Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі

20

4         

Қызылорда

Қызылорда медициналық жоғары колледжі

20

5         

Қызылорда

Арал көпсалалы колледжі

18

6         

Қызылорда

Арал индустриалды-техникалық колледжі

18

7         

Қызылорда

Қазалы аграрлы-техникалық колледжі

20

8         

Қызылорда

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі

20

9         

Қызылорда

Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі

17

10     

Қызылорда

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі

17

11     

Қызылорда

Сырдария аграрлы - техникалық колледжі

17

12     

Қызылорда

Шиелі индустриалды - аграрлық колледжі

20

13     

Қызылорда

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж

20

14     

Қызылорда

Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі

20

15     

Қызылорда

Мұрат Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі

18

16     

Қызылорда

М.Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-IT жоғары колледжі

20

17     

Қызылорда

Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі

18

 

Мемлекеттік емес колледждер

18

Қызылорда

Orda жоғары колледжі

26

19

Қызылорда

Қызылорда «Сейхун»  колледжі

19

20

Қызылорда

Болашақ университетінің жоғары колледжі

21

21

Қызылорда

Қазалы гуманитарлық - техникалық колледжі

16

22

Қызылорда

Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі

22

23

Қызылорда

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі

18

24

Қызылорда

Абылай хан» атындағы жоғары колледжі

26

25

Қызылорда

Болашақ медициналық жоғары колледжі

20

26

Қызылорда

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі

22

 Ескерту:  ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген қағиданың 9-қосымшасы бойынша сәйкестік балы 16 балдан төмен болса, мемлекеттік тапсырыс орналастырылатын оқу орындарының тізіліміне енгізілмейді.

Дата публикации
23 июня 2025