Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына» сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ТжКББ ұйымдарын анықтау мақсатында конкурсқа құжаттарды қабылдау жүргізілетіндігін хабарлайды.

ТжКБ бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметтерді алушылар (яғни, колледждер) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы осы Қағидалардың 7-қосымшасындағы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

ТжКББ ұйымдарын анықтағанда Комиссия осы Қағидалардың қосымшасымен берілген ақпараттық карта бойынша талапқа сәйкес келетін төмендегі шарттарды және ақпаратты басшылыққа алады:

1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-қосымшасының 3-тармағына сәйкес даярлық бейінін ескере отырып (ауылдық елді мекендерде орналасқан ТКОБКБ, қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) мәлімделген мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияның болуы;

2) мамандықтар (біліктіліктер) бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін тиісті оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу кабинеттерінің, зертханалардың, оқу полигондарының, білім беру процесін ұйымдастыру үшін оқу-өндірістік базалардың болуы;

3) жалпы педагогтер санынан педагог-сарапшы, педагог-модератор, педагог-зерттеуші, педагог-шебер, жоғары және бірінші санаттағы педагогтер және магистрлердің болуы (30%-дан төмен емес);

      4) педагогтердің жалпы санынан кемінде 70% штаттағы педагогтердің болуы (өнер мен мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТКОБКБ ұйымдарында 50%-дан кем емес);

      5) студенттерге арналған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың болуы (меншікті немесе жалға алу, жедел басқару, сенімгерлік құқығында тиесілі, жатақхананың және/немесе хостелдің, және/немесе қонақ үйдің, қоғамдық тамақтану және медициналық қызмет көрсету пункттерінің болуы);

      6) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар үшін жағдайлардың болуы (пандустар, жарық сигналдары, шақыру түймесі, СНжЕ сәйкес санитарлық торап);

7) Заңның 9-1-бабына сәйкес институционалдық және/немесе мамандандырылған аккредиттеуден немесе мемлекеттік аттестаттаудан өткені туралы құжаттың болуы;

       8) мәлімделген мамандықтар бойынша ТКОБКБ ұйымын бітірген соң бітірушілердің бір жыл ішінде жұмысқа орналасуы және жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтер.

      Бұл талап жаңа мамандықтар, сондай-ақ бітіру жүзеге асырылмаған мамандықтар бойынша мәлімделген ТКОБКБ ұйымдарына таралмайды;

9) білім алушыларды дуальды оқытумен, өндірістік практикамен қамту;

      10) мәлімделген мамандық бойынша жұмыс берушілермен немесе Индустриялдық кеңеспен келісілген білім беру бағдарламаларының болуы;

            11) мәлімделген мамандықтар бойынша ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды оқыту үшін бейімделген білім беру бағдарламаларының немесе жеке оқу бағдарламалары мен жоспарларының болуы;

            12) мәлімделген мамандықтар шеңберінде өңірлік деңгейде WorldSkills (Ворлдскилз), Abilympics (Абилимпикс), Deafskills (Дэфскилз) чемпионаттарына (бұдан әрі – чемпионат) қатысқан құзыреттер саны. Бұл талап жаңа мамандықтар бойынша өтінім берген ТКОБКБ ұйымдарына, сондай-ақ чемпионат өткізілмеген мамандықтарға қолданылмайды;

         13) сайттың, әлеуметтік желілердегі аккаунттың болуы;

         14) ТКОБКБ ұйымының мүмкіндігін ескере отырып, білім алушыларды қабылдауға арналған орындар саны;

         15) Нұсқаулыққа сәйкес терроризмге қарсы қорғау талаптарының сақталуын растайтын құжаттар мен мәліметтер.

Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) өтінімдері бойынша кадрларды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ТКОБКБ ұйымдарын айқындау кезінде Комиссия келесі негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады:

         1) білім алушының практикадан өтуіне, жұмысқа орналасуына міндеттемені көздейтін ТКОБКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым және кәсіпорын (ұйым, мекеме) арасында екі жақты келісімің болуы;

         2) кәсіпорындардың еңбек нарығындағы қызмет бейіні бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (жергілікті атқарушы органдардың немесе тиісті уәкілетті органдардың шешімі (келісімі) бойынша құрылатын кәсіпорындарды қоспағанда);

         3) кәсіпорындарда (ұйымдарда, мекемелерде) дуальді оқытуды ұйымдастыру үшін тиісті базаның болуы;

         4) сұраныс берген мамандықтың мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және бөлу жөніндегі Комиссия бекіткен мамандықтар тізбесіне сәйкес келуі.

Құжат қабылдау 2025 жылғы 11-13 маусым аралығында сағат 9-00-ден бастап 19-00-ге дейін жүргізіледі.

         Конкурстық құжаттаманы http://bilim.e-kyzylorda.gov.kz сайты арқылы алуға болады.

 

Ұйымдастырушы:

«Қызылорда облысының

білім басқармасы» КММ

120002, Қызылорда қаласы,

Сұлтан Бейбарыс көшесі,

құрылыс 1, № 344 кабинет.

тел: 8 (7242) 60-54-59

    

 

 

 

2025-2026 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған                              мемлекеттік білім беру тапсырысы

 

№

Мамандық (біліктілік) атауы

Мамандық (біліктілік) коды

Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, орындар саны             (күндізгі оқу нысаны)

Бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны               (мың теңге)

9-сынып базасында

11-сынып базасында

1

2

3

4

5

6

1

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

01120100

50

 

524,8

2

Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі

01140100

50

 

524,8

3

Музыкалық білім беру

01140200

15

 

524,8

4

Көркем еңбек

01140300

15

 

524,8

5

Дене тәрбиесі және спорт

01140500

25

20

524,8

6

Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

01140600

75

 

524,8

7

Информатика

01140700

50

 

524,8

8

Графикалық және мультимедиялық дизайн

02110300

25

 

532,7

9

Киім дизайны

02120200

40

 

575,9

10

Өнеркәсіп өнімдерінің дизайны

02120300

20

 

575,9

11

Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша)

02150100

51

4

1630,2

12

Вокалдық өнер

02150300

13

2

1630,2

13

Хорды дирижерлау

02150400

10

 

1630,2

14

Хореографиялық өнері

02150700

9

1

1630,2

15

Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша)

02151000

15

 

1630,2

16

Логистика (салалар бойынша)

04130200

25

 

532,7

17

Маркетинг (салалар бойынша)

04140100

50

 

532,7

18

Экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша)

05220100

100

 

532,7

19

Геологиялық суретке түсіру, пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлау (түрлері бойынша)

05320100

25

 

532,7

20

Пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудың технологиясы мен техникасы

05320200

25

 

532,7

21

Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)

06120100

50

 

532,7

22

Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

06120200

75

 

532,7

23

Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

06130100

100

 

532,7

24

Зертханалық технология

07110400

25

 

532,7

25

Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)

07130100

150

 

575,9

26

Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

07130200

125

25

575,9

27

Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары

07130300

75

 

575,9

28

Жылу техникалық жабдықтар және жылу мен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша)

07130400

50

 

575,9

29

Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша)

07130700

25

 

575,9

30

Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)

07140100

25

 

532,7

31

Мехатроника (салалар бойынша)

07140300

25

 

532,7

32

Робототехника және кірістірілетін жүйелер (салалар бойынша)

07140400

25

 

532,7

33

Сандық техника (түрлері бойынша)

07140500

100

25

532,7

34

Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару

07140700

25

 

532,7

35

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар 

07140900

75

 

532,7

36

Токарлық іс (түрлері бойынша)

07150300

75

 

575,9

37

Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)

07150500

150

40

575,9

38

Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету (өнеркәсіп салалары бойынша)

07151100

25

 

575,9

39

Радиоэлектронды көлік жабдықтарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету (көлік түрлері бойынша)

07160100

25

 

575,9

40

Темір жолдың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

07160500

50

 

575,9

41

Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

07160600

75

 

575,9

42

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

07161300

300

 

575,9

43

Ауыл шаруашылығын механикаландыру

07161600

200

 

575,9

44

Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету  және жөндеу

07161700

75

 

575,9

45

Сүт және сүт өнімдерін өндіру

07210200

25

 

575,9

46

Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі

07210300

50

 

575,9

47

Балық өндірісі

07210900

25

 

575,9

48

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологиясы

07211400

25

 

575,9

49

Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру

07220100

50

 

575,9

50

Жиһаз өндірісі

07221400

25

 

575,9

51

Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

07230100

313

25

575,9

52

Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу

07240100

20

 

575,9

53

Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу

07240300

25

 

575,9

54

Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы

07240700

20

 

575,9

55

Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану

07320100

350

50

575,9

56

Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау

07320600

50

 

575,9

57

Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану

07320700

50

 

575,9

58

Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы

07320800

50

 

575,9

59

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану

07321100

50

 

575,9

60

Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану

07321200

50

 

575,9

61

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану

07321300

25

 

575,9

62

Гидротехникалық мелиорация

07321400

25

25

575,9

63

Агрономия

08110100

50

 

532,7

64

Жеміс-көкөніс шаруашылығы

08110300

50

25

532,7

65

Зоотехния

08110500

25

 

532,7

66

Орман шаруашылығы

08210100

75

 

532,7

67

Ветеринария

08410100

100

25

532,7

68

Стоматология

09110100

25

 

532,7

69

Емдеу ісі

09120100

25

 

532,7

70

Мейіргер ісі

09130100

25

25

532,7

71

Лабораториялық диагностика

09140100

25

 

532,7

72

Фармация

09160100

 

25

532,7

73

Гигиена және эпидемиология

09880100

 

25

532,7

74

Шаштараз өнері

10120100

50

 

575,9

75

Қонақ үй бизнесі

10130100

25

 

575,9

76

Тамақтандыруды ұйымдастыру

10130300

255

50

575,9

77

Туризм

10150100

25

 

575,9

78

Төтенше жағдайда қорғау (салалар бойынша)

10320200

125

 

575,9

79

Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

10410200

25

 

575,9

80

Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

10410300

25

 

575,9

81

Жол қозғалысын ұйымдастыру

10410400

20

 

575,9

Барлығы:

4791

392

 

 

 

2025-2026 оқу жылына орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған                                     мемлекеттік білім беру тапсырысы (бакалавр)

 

№

Мамандық (біліктілік) атауы

Мамандық (біліктілік) коды

Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, орындар саны             (күндізгі оқу нысаны)

Бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны               (мың теңге)

9-сынып базасында

11-сынып базасында

1

2

3

4

5

6

1

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

01120100

 

25

524,8

2

Логопедия

01130100

 

25

524,8

3

Мейіргер ісі

09130100

 

50

532,7

4

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

07160300

 

 

25

575,9

 

Барлығы:

 

 

125

 

 

Дата публикации
04 июня 2025