«Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы 25 бюджеттік бағдарламасын іске асыруға 304 624 103,6 мың теңге қаражат бекітілді.
Білім басқармасы бойынша 111 537 749,7 мың теңге қаржы мамыр айына жоспарланып, 111 506 475,1 мың теңге атқарылып, 31 274,6 (РБ-537,0; МБ-30737,6) мың теңге игерілмей (үнемделгені-14795,1 мың теңге, басқа да себептермен-16479,5 мың теңге) 100 пайызды құрап отыр.
Оның ішінде, үнемделгені 14795,1 мың теңге, оның ішінде
РБ – 537,0 мың теңге млн. тг. (537,0 м.тг. еңбекақы мен салықтардан үнемделген),
ЖБ – 14258,1 мың. тг. (3004,9 м.тг. мектептердің еңбекақысы мен салықтардан, 118,7 м.тг. байланыс қызметтері мен коммуналдық шығындардан, 1531,6 мың теңге бала санының азаюынан мектептегі ыстық тамақтан, 3005,8 мың теңге Шиелі ауданы бойынша №252 мектептің отын қорынан, 6597,1 м.т. әр түрлі ерекшеліктен үнемделген).
Қалған 16 479,5 мың.тг.
6374,0 мың теңге, оның ішінде, Шиелі ауданы бойынша №270 мектептен-1230,0 мың теңге, №219 мектептен 5144,0 мың теңге мектепті әрлеу үшін бояу тауарын өнім беруші келісім-шарттың тармақтарын мерзімінде орындамағаннан экономикалық сотқа берілді.
10105,5 мың теңге, оның ішінде, 4295,5 мың теңге Арал ауданы бойынша №14 мектепке құрал-жабдықты (моноблок), Қызылорда қаласы бойынша 397,5 мың теңге №4 «Қуаныш» балабақшасы мен 230,9 мың теңге №3 «Қарлығаш» балабақшасына шаруашылық заттарды әлеуетті өнім беруші толық жеткізбегендіктен және 2661,3 мың теңге №4 «Қуаныш» балабақшасына ағымдық жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтамағаннан, 2520,3 мың теңге «Алтын белгі» монетасын ұтып алған жеңімпаз өнім беруші екінші реттік келісім беруді кешіктіргеннен қалған қаржы.