Инклюзивті және арнайы білім беру бойынша 2025 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар ақпараты

Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту

Есепте тұрған балалар саны – 8 183;

Арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды қажет ететіндер – 150.

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту бойынша 2024 жылға арналған көрсеткіш 85%.

Жыл қорытындысы бойынша Қызылорда облысында қамту 90,5%-ды құрады, жоспарлы көрсеткішке қол жеткізілді.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ҮШІН ЖАҒДАЙ ЖАСАУ

Балабақшалардың 91%-да, жалпы білім беретін мектептердің 97% -да және ТжКБ ұйымдарының 94 %-да инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған.

Дата публикации
15 апреля 2025