Білім беру ұйымдарында ақша жинауға тыйым салу туралы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасының бірлескен Жастар арасында академиялық адалдықты ілгерілеті жөніндегі 2025 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

  1. Барлық білім беру ұйымдарында ата-аналардан, оқушылардан ақша жинау фактілерін болдырмау жұмыстары күшейтілсін.
  2. Мектеп ғимаратын, сыныптар мен дәліздерді, мектеп жиһаздарын жөндеуге оқушылардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен демеушілік және қайырымдылық көмек ретінде қаражатты мәжбүрлеп жинауға тыйым салынсын.
  3. Осы бұйрықпен барлық педагогтар мен мектеп қызметкерлері, оқушылар және олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері таныстырылсын.
  4. Осы бұйрықта қарастырылған мәселелерді білім бөлімінің басшылары бақылауда ұстасын.
  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Б. Есенбаевқа жүктелсін.
  6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

             Басқарма басшысының

                  міндетін атқарушы                                             А. Қанатов

 

Дата публикации
27 марта 2025