2023-2024 оқу жылында 11 – сыныпты 8 285 оқушы (өткен жылы – 8 054 түлек бітірген) аяқтады. Оның ішінде 579 оқушы (өткен жылы – 514 оқушы «Алтын белгі» алған) «Алтын белгі», 856 оқушы (өткен жылы – 823 түлек үздік аттестат алған) «Үздік аттестат» алды.
ҰБТ – ға 7 391 немесе 89,3 пайыз бітіруші қатысты (ҰБТ ағымдағы жылдың 16 мамыр – 5 шілде аралығында өтті).
Анықтама ретінде: 2022-2023 оқу жылында 11 – сыныпты 8 054 түлек аяқтап, 7 219 немесе 89,6 пайызы ҰБТ-ға қатысқан.
Аймақта орташа балл – 88,3 – ті құрап өткен жылмен (87 балл) салыстырғанда 1,3 балға артқан.
Шекті деңгейден өтпегендер саны (0-49 балл) – 383 (Арал – 22, Қазалы – 41, Қармақшы – 16, Жалағаш – 30, Сырдария – 8, Шиелі – 53, Жаңақорған – 39, Қызылорда - 174).
Ереже талаптарын бұзып, аудиториядан шығарылған оқушы – 1 (Қызылорда қаласы), аудиторияға кіре берісте тыйым салынған зат анықталып, тестілеуге жіберілмегені – 3 (Жалағаш – 1, Қызылода - 2).
Аппеляциялық өтініш берген бітірушілер саны – 108 (Арал – 14, Қазалы – 17, Жалағаш – 3, Сырдария – 4, Жаңақорған – 11, Қызылорда – 52, №4 ОММЛИ - 7).
100 және одан жоғары балл жинаған бітірушілер саны – 1 361 немесе 18,4 пайызы (Арал – 138, Қазалы – 161, Қармақшы – 181, Жалағаш – 63, Сырдария – 68, Шиелі – 107, Жаңақорған – 128, Қызылорда – 435, №4 ОММЛИ – 20, №9 БИЛ – 30, №10 БИЛ - 30).
Аймақтағы ең жоғары балл – 139, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №204 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 11 – сынып түлегі Жұбатқан Нұрболат Нұртуғанұлы.
Жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін мемлекеттік грант конкурсына құжат қабылдау жұмыстары ағымдағы жылдың 13 – 20 шілде аралағында жүргізіледі.
Қорытындысы туралы ақпарат 10 тамызда белгілі болады.