Білім саласы бойынша 2024 жылдың қорытындысы туралы

Өңірде балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуы мен педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау барысы қарқынды жүзеге асырылуда.

Биыл салаға бөлінген қаржы 264 млрд теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 9,3 %-ға артты (2023 жылы - 241,5 млрд тг).

 

         Биыл өңірдегі 337 мектепте (298 мемлекеттік – 171 315 оқушы, 39 жеке – 13 609 оқушы) 184 924 оқушы білім алады.

Үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ.

2024 жылы білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, жергілікті бюджет және жеке инвестор есебінен жалпы құны 31,8 млрд. теңгені құрайтын 17 білім беру ұйымының құрылысы жүргізілді. Атап айтқанда 7 мектеп, 5 мектепке қосымша ғимарат, 4 қосымша білім беру және 1 кәсіптік білім беру ұйымы.

Бүгінгі күнге 960 орындық 6 мектеп (Жаңақорған кенті Майбекет мөлтек ауданы 300 орын - 718,4 млн.тг., Әйтеке би кенті 250 орын – 847,3 млн.тг., Жаңақорған ауданы Байкенже ауылы 150 орын – 842,7 млн.тг., Шиелі ауданы, Жансейіт елді мекені 100 орын №133 – 899,7 млн.тг., жеке инвестор есебінен Арал ауданы Ақшатау ауылында 60 орын - 350,0 млн.тг., Тоқабай ауылында 100 орын – 500,0 млн.тг.), 4 мектепке қосымша ғимарат (Шиелі ауданы №252 мектепке 375 орын қосымша құрылыс – 700,7 млн.тг., Жаңақорған ауданы Бесарық ауылы №54 мектепке 350 орын оқу корпусы – 789,6 млн.тг., Қармақшы ауданы №284 ММЛИ спорт зал құрылысы – 239,1 млн.тг,  Қызылорда қаласы №4 мектептің авариялық спорт залы мен шеберханасын бұза отырып, мектепке 300 орындық жапсаржай салу – 836,1 млн.тг.), «Қазгермұнай» компаниясының демеушілігімен 350 орындық Қызылорда қаласындағы Оқушылар сарайы (2,1 млрд.тг.) мен Жаңақорған ауданындағы 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі (771,7 млн.тг.) ел игілігіне табысталды.

Нәтижесінде Арал ауданы Тоқабай ауылындағы №248, Шиелі ауданы Шиелі кенті №252 және Жансейіт ауылындағы №133 апатты мектептердің мәселесі шешілді.

Жыл соңына дейін Жаңақорған ауданы Билібай ауылындағы №255 мектепке спорт зал мен асхана ғимараты (172,0 млн.тг.) пайдалануға берілуі жоспарлануда.

Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 900 орындық мектеп іске қосылса, бұдан бөлек жыл соңына дейін 3 мектеп (Қызылорда қ. КБИ мөлтек ауданындағы 600 орындық мектеп, Арал қаласында 300 орындық мектеп, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті Саяжай ш/а 600 орындық мектеп) пайдалануға беріледі.

6 мектеп 2025 жылға (Қызылорда қ.СПМК-70  шағын ауданында 1500 орын, Қызылжарма мөлтек ауданы 600 орын, Арай мөлтек ауданындағы 1500 орын, Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылындағы 300 орындық №94 апатты мектеп, Арал ауданы Сексеуіл кентінде 300 орындық мектеп, Жаңақорған ауданы, Жаңарық елді мекенінде 300 орындық мектеп) өтпелі құрылыс.

Сондай-ақ, 2 қосымша білім беру ұйымы (Қызылорда қаласындағы Шығармашылық академиясы – 10,9 млрд.тг., Шиелі ауданында 200 орындық Оқушылар үйі және 50 орындық Өнер мектебі – 1067,9 млн.тг.) мен музыкалық колледж (2,4 млрд.тг.) ғимаратының құрылысы (Қызылорда қаласы сол жағалаудағы музыкалық колледж) 2025 жылға өтпелі.

Қызылорда қаласында «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернат (7,6 млрд.тг.) 2025 жылы наурыз айында іске қосылады деп күтілуде.

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1 млрд тг. қаржы қаралды.

Анықтама ретінде: Арал, Қазалы, Қызылорда қалаларындағы 44 мектепке Интерактивті ЛЕД панель алуға – 572,0 млн. теңге.

20 мектепке интерактивті ЛЕД экран алуға – 280,9 млн. теңге.

17 мектепке арнайы балаларға арналған логопед кабинетін алуға – 93,8 млн. теңге.

15 мектепке интерактивті ақпараттық стенд алуға  - 37,8 млн. теңге.

Жаңадан ашылған облыстық психологиялық қолдау орталығын жабдықтауға – 10,4 млн. теңге.

56 пәндік кабинет (9 химия, 9 физика, 10 биология, 28 Стем) алуға 496,0 млн. теңге бөлініп, пәндік кабинет жабдықтары мектептерге жеткізілді. 

64 білім беру ұйымының бейнебақылау жүйесін талапқа сәйкестендіруге 456,2 млн. теңге бөлінді.

Мектептер жоғары жылдамдықты интернетпен толық қамтылған. Биылғы жылы интернет жылдамдығын арттыру үшін 52 мектепке жылдам спутникті интернет Starlink орнатуға – 77,9 млн. теңге бағытталды.

«Қазақстан халқына» қоры арқылы Шиелі ауданы №219, Қазалы ауданы №266, Жалағаш ауданы №201 мектептердің материалдық техникалық базасын нығайтуға әр мектепке 250,0 млн. теңгеден, 750,0 млн. теңге бөлінді.

Сонымен қатар, оқушылардың қолайлы ортада білім алуын қамтамасыз ету мақсатында 8 мектеп ғимаратына 3,1 млрд теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аталған мектептердің жабдықтарын жаңартуға жергілікті бюджеттен қосымша 110,3 млн. теңге бөлінді.

Мемлекет басшысының алдағы үш жылда 1 300 мектепті күрделі жөндеуден өткізу тапсырмасына сәйкес, облыс бойынша 51 мектеп бекітілді (қала – 13, ауыл – 38). 2025 жылы – 9, 2026 жылы – 19, 2027 жылы – 23 мектеп.

Жалпы алғанда 51 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына жобамен 20,7 млрд.тг, жабдықтауына 4,1 млрд.тг, барлығы 24,8 млрд.тг қаражат қажет. Бұл ретте, 25 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары бюджет есебінен, 26 мектеп демеушілікпен жүргізу жоспарлануда.

2024 жылдың қаңтар айында мектептердің негізгі бағыттары бойынша рейтинг жасалды.

Анықтама ретінде: 275 (4 бастауыш, 16 негізгі мектеп) жалпы орта білім беретін мектептер бойынша: жоғары деңгейге – 30 (11,3 %), орта деңгейлі – 129 (46,5 %), төмен деңгейде – 116 (42,2 %) мектеп қалыптастырылды.

Рейтингте – білім сапасы, Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы, оқушылардың олимпиада, ғылыми жоба, спорттық сайыстардағы нәтижелері, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың тіркелуі, педагогтардың кәсіби байқаулар мен сайыстардағы жетістіктері сарапталды.

Осының негізінде, 7 міндет 45 тармақтан тұратын әрбір мектеп дамуының нысаналы индикаторлары жасақталды (педагог кадрлардың кәсіби біліктілігі мен мәртебесін арттыру, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту және бухгалтерлік есепті жүргізу, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, білім беру менеджментінің сапасын жақсарту, біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру, білім сапасын бағалау, педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу міндеттері көзделген).

Биыл алғаш рет «Бір мектеп - бір жоба» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Барлық кезең бойынша – 224 немесе 75,4 пайыз мектеп директорлары қатысты (жоба барысында «1000 көшбасшы» кадрлық резервін дайындауда «Мектеп брендін қалыптастыру» жобасының негізгі критерийлерін басшылыққа алынды).

Мектептердің даму бағдарламалары әзірленді.

Ауылдық елдімекендерде білім сапасын, ұйымдар арасындағы байланысты арттыру мақсатында аудан орталықтары мен Байқоңыр қаласында 8 білім округі құрылды.

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен, мемлекеттік грант конкурсына қатысқан – 6 252 (2022-2023 оқу жылында 6 418 бітіруші мемлекеттік грант конкурсына құжат тапсырған) түлектің 4 752 немесе 76,1 пайызы мемлекеттік грант иеленді.

Мамандықтар бойынша: Педагогикалық бағытта – 1 651 (34,7 %), медицинада – 460 (9,7 %), техникалық бағытқа – 1 322 (27,8 %), ауыл шаруашылығы саласына – 344 (7,2 %), басқа да мамандықтар бойынша – 975 (20,6 %) түлек.

Өңіріміз соңғы төрт жылда ҰБТ-ның орта балл көрсеткішімен республикада алғашқы үштікте болған.

Биылғы жылы аймағымыз жиырма өңірдің ішінен оза шауып, бірінші орынға шықты.

Сонымен қатар, республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан «943 - елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасына 2024 жылы – 71, 2025 жылы – 40 мектеп енгізілген.

Облыстағы 12 шағын жинақты мектепті (Арал - 7, Қазалы - 2, Шиелі - 3) «Тірек мектептер» жобасына енгізу бойынша 3 мектеп бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде (2025 жылы қаңтардан бастап - Аралдан №62 мектеп, Қазалыдан №249 мектеп, қыркүйектен бастап - Шиеліден №47 мектеп).

2023-2024 оқу жылында халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарына 35 оқушы қатысып, 25 оқушы жүлделі орындарға (І орын- 8, ІІ орын-4, ІІІ орын-13) ие болды.

Өткен оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар және ғылыми жоба конкурстардың облыстық кезеңіне 1 031 оқушы қатысып, 440 оқушы жүлделі орындарға (І орын – 55, ІІ орын – 156, ІІІ орын – 440) ие болды.  Республикалық қорытынды кезеңге 121 оқушы қатысып 40 оқушы жүлделі орындарға (І орын –16, ІІ орын –9,  ІІІ орын – 15) ие болса, 9 оқушыға жоғары оқу орындарының білім гранты берілді.

2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада қорытындысымен «100 үздік мектеп» рейтінгісі жасақталып, өңірдегі 3 мектеп, атап айтқанда, №9 БИЛ – 9 қатарда, №10 БИЛ – 29 қатарда, Сырдария ауданындағы №35 мектеп-лицейі - 99 қатардан көрінді.

Биыл алғаш рет өткізілген Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада жаратылыстану-математикалық бағытында көрсеткен үздік нәтижелері үшін командалық есеппен  «Ең үздік олимпиадалық команда-2024» номинациясы берілсе, 2024 - 2025 оқу жылында 71 оқушы қатысып, 39 оқушы жүлделі орындарға («Алтын медаль» – 10,  «Күміс медаль» – 14, «Қола медаль» – 15, Алғыс хат - 8) ие болды. Қызылорда облысы жаратылыстану-математикалық бағытта «Ең үздік олимпиадалық команда - 2024» номинациясымен І орынды, қоғамдық-гуманитарлық бағытта ІІІ орынды иеленді.

Жас өрендеріміздің білім бәйгесінде оза шауып, биік шыңдарды бағындыруына өз септігін тигізіп отырған Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» мен Арал ауданындағы «Қамбаш» олимпиадалар  және қосымша білім беру орталықтар базасында 2022 жылдан бастап үздіксіз жыл бойына жұмыс жасап келе жатқан «Сыр дарыны» оқу-жаттығу жиыны. Олимпиадалық резерв мектептеріндегі жаратылыстану-математика бағытындағы 7 - 10 сынып оқушылары арасынан үздік нәтиже көрсеткен 960 оқушы іріктеліп, жыл сайын оқу-жаттығу жиынына тұрақты түрде қатысуда.

Аймақтағы білім беру саласы бойынша педагог мәртебесін жоғарылату және шығармашыл мұғалімдерді қолдау бағытында да ауқымды шаралар атқарылып келеді. 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыратын жыл сайынғы «Үздік педагог» республикалық конкурсынан 2022 жылы 4 педагог «жеңімаз» атанса, 2023 жылы 5 педагог, 2024 жылы – 6 педагог «Үздік педагог» атағының иегері атанып, арнайы грант иеленді. Облысымыз республикада алғашқылардың қатарында.

Бұдан бөлек, жыл сонында Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық деңгейдегі 3 «Үздік педагогке»  - облыстық бюджет есебінен әрқайсысына 1 107 600 теңге көлемінде бірреттік сыйақы берілетін болады (Қызылорда облысы әкімінің қатысуымен өткізілетін қорытынды шарада беріледі).

2024 жылы 20-дан астам облыстық кәсіби байқаулар өткізіліп, қорытындысымен республикалық кезеңге қатысқан 37 педагог «жеңімпаз» атанды.

Облыстық Кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып, биылғы жылдан бастап республикалық кәсіби байқау жеңімпаздары мен оқушылары республикада жүлдегер атанған 120 педагогке еліміздің шипажайларына тегін жолдама берілді.

2023 жылы жаңа біліктілік санатты педагог саны – 17 326 болса, 2024 жылы олардың саны 2 073 ке артып, жаңа біліктілік санатты педагогтер 19 399 құрады. Оның ішінде, өткен жылы «педагог-шебер» санатты  педагог – 30 болса, биылғы жылы аймақта 43 «педагог-шебер» бар.

Республикалық кадр резершілері жобасына - 39 резервші енгізілді. Қазіргі таңда, 39 резервші ішінен 3 резервші педагог білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына, 2 резервші педагог білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Биылғы жылы 25 қазан Республика күні қарсаңында Қызылорда облысының білім басқармасының №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-зерттеуші санатты мұғалімі Есбосын Нағиша Қожаққызының Мемлекет басшысының қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алды.

 

Дата публикации
10 января 2025