Биыл алғаш рет ұйымдастырылған облыс әкімі жүлдесіне арналған «Сыр лигасы» жобасында өнер және спорт бағытындағы 8 сайыс түрлері бойынша 150 мыңға жуық оқушылары бақ сынасып, қорытындысымен үздіктер марапатталды.
«Ұлттық мектеп лигасы» аясында спорттың 11 түрінен жас ерекшеліктері бойынша республикалық ақтық кезеңге облыстағы 39 командадан 712 оқушы қатыстырылып, жарыс қорытындысы бойынша 12 команда жеңімпаз және жүлдегерлер қатарынан көрінді. Республика бойынша жалпы командалық есепте Қызылорда облысы ІІ орынды иеленді.
Ағымдағы жылдың 28 қазан – 2 қараша күндері V Қазақстан Мұғалімдерінің Республикалық Спартакиадасында жалпы командалық есепте Қызылорда облысы жеңімпаз атанды.
Қазақстан Мұғалімдерінің Республикалық спартакиадасының қорытындысы бойынша Қызылорда облысының командасы екі дүркін жеңімпаз.