Облыс бойынша 743 бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар болса, олардың 624 - і отбасыға орналастырылған, 70 - і интернаттық мекемелерде тәрбиеленуде.
Ағымдағы жылы тұрғын үймен 203-і немесе 24,1 % қамтылды. Тұрғын үймен қамту көрсеткіші бойынша аймақ республикада алдыңғы қатарда.
Тегін ыстық тамақпен - 89 572 (2023 ж. - 87 331) бала қамтылуда.
Оның ішінде 5 - 11 сынып аралығындағы әлеуметтік осал топқа жататын - 26 654 (2023 ж. - 35 067), бастауыш сыныптарда - 62 918 (2023 ж. - 52 264) бала.
Сондай-ақ келесі жылдың қаңтар айынан бастап ыстық тамақ беруді ұйымдастыру жұмыстары «Әлеуметтік әмиян» және «бизнес әмиян» арқылы жүзеге асырылады.
Осы мақсатта 125 мектепке аппараттық – бағдарламалық кешені орналастырылады. Ағымдағы жылы 119 млн.тг 87 мектепке АПК орнатылса, 2025 жылы 40 мектепке (қаржысы 100 млн.тг) орнату жоспарлануда. АПК әлеуметтік осал топтағы балалардың көмек алу құқығын жүйлендіреді.
Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарындағы 560 психолог пен әлеуметтік педагогтар және 1 300 сынып жетекші, 65 мектеп директоры, 28 тәрбие ісі жөніндегі орынбасар оқудан өтті.
Жаңа оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарында антибуллингке арналған «Досболлайк», «Кіva» бағдарламалары жүзеге асырылуда.
«Кіva» бағдарламасына пилоттық режимде 4 мектеп оқудан өтіп (Қызылорда қаласы «Назарбаева зияткерлік мектебі», Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей, Жаңақорған ауданы №286 орта мектеп, Арал ауданы Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицей) бағдарлама аясында жұмыс жасауда.
Зорлық-зомбылық, буллингке ұшыраған балаларға және өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға қолдау көрсету жұмыстарын күшейту мақсатында 110 млн. тг бөлініп Облыстық психологиялық қолдау орталығы ашылды.
Білім беру ұйымдарының есебіне 7 896 мүмкіндігі шектеулі бала (2023-2024 оқу жылында 7 494) алынды.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған балалардың үлесі 2024 жылы 85 пайызға дейін көтеру жоспарланған. Бүгінгі күні облыс бойынша психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған балалар үлесі 90,5%-ды (2022-2023 оқу жылы 85%, 2023-2024 оқу жылы 88,3 %) құрап, жоспар толық орындалды.
Облыс бойынша инклюзивтік білім алуға жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі 92 %, жалпы орта білім беретін мектептердің үлесі 97 %, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 94 %-ды құрап отыр.
Облыстағы 298 мектептің 174 - де инклюзивтік қолдау кабинеттері, 8 мектепте ресурстық орталықтар бар. Бұндай көрсеткіш республикада тек Қызылорда облысында ғана қалыптасқан.