2024 жылдың он бір бойынша жоспары 236 679 628,1 мың теңге болса, 236 635 570,2 (РБ-7 632 831,1; МБ-229 002 739,1) мың теңге атқарылды,
оның ішінде қараша айына жоспары 21 423 748,9 мың теңге, оның игерілгені 21 379 691,0 (РБ-860 074,4; МБ -20 519 616,6) мың теңге.
Білім басқармасы бойынша игерілмегені 44 057,9 (РБ-69,9; МБ-43 988,0) мың теңге 100 пайыз, үнемделген қаражат – 32 773,6 мың теңге, басқа да себептермен – 11 284,3 мың теңге,
оның ішінде
Үнемделгені 32 773,6 мың теңге, оның ішінде РБ – 69,9 мың теңге млн. тг. (еңбекақы мен салықтардан үнемделген), ЖБ – 32 703,7 мың. тг, (мектептердің еңбекақысы мен салықтардан- 12578,3 м.т., нақты орындалу актісіне сәйкес коммуналдық шығындар мен байланыс қызметінен- 2254,9 м.т., бала санының нақтыланбай, аз болуынан оқушыларға берілетін ыстық тамақтан 488,3 мың теңге, 13583,6 м.т. Жаңақорған ауданы бойынша кәсіпорын балабақшалардан бала санының аз болуына байланысты үнемделген, бюджетке қайтарылатын, қалған 3798,6 м.т. әр түрлі ерекшеліктен).
Қалған 11 284,3 мың.тг.
5325,7 мың теңге, оның ішінде, 4753,8 м.т. Шиелі ауданы бойынша №219 орта мектеп қызметкерлерінің біліктілік арттыру курсына бару кестесінің өзгерісіне сәйкес игерілмеді және 571,9 м.т. №151 мектептің оқушыларға берілетін ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отырған өнім берушіге аударым жүргізетін электронды шот-фактурадан ресми қателіктер кетуіне байланысты кері қайтарылған қаражат.
3698,0 мың теңге, оның ішінде 3088,0 м.т. Жаңақорған ауданы бойынша №28 «Алпамыс» балабақшаның құрал-жабдықтар сатып алу үшін өнім берушімен жасалған келісім-шартта және 610,0 м.т. 1-4 сыныпқа берілетін ыстық тамақтың орындалу актісінен ресми қателіктер кетуіне байланысты кері қайтарылған қаражат.
885,6 мың теңге Қармақшы ауданы бойынша №17 «Алақай» балабақшасының жанар-жағармай сатып алу үшін өнім берушіге аударым жүргізетін электронды шот-фактурадан ресми қателіктер кетуіне байланысты кері қайтарылған қаражат.
575,0 мың теңге Қызылорда қаласы бойынша №268 мектеп-лицейге құрал-жабдықтар сатып алуда өнім берушіге аударым жүргізетін электронды шот-фактурадан ресми қателіктер кетуіне байланысты кері қайтарылған қаражат.
800,0 мың теңге Қызылорда қаласындағы №4 мектеп-интернаттың меңгерушісі біліктілік арттыру курсына сәйкес шет елге курсқа бару кестесі өзгеріске сәйкес іс-сапар шығындары игерілмеді.