Облыс бойынша 2023-2024 оқу жылы 7494 мүмкіндігі шектелу бала ПМПК есебіне алынған. 2024 жылдың 1 қыркүйегі бойынша ПМПК есебіне 7896 бала алынды.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім алуға жағдай жасалған мектептердің үлесі 90,2 %-ді құрайды.
Жалпы мемлекеттік балабақшалар 100 % арнайы кабинет және арнайы мамандарымен қамтылды. Балабақшаларда 235 арнайы мамандар жұмыс жасайды
Өңірдегі 295 мектептің 172-де инклюзивтік қолдау кабинеттері, 8 мектепте инклюзивтік ресурстық орталықтар ашылды. 2024-2029 жылдары тағы 14 инклюзивтік кабинет ашу жоспарланды.
Жалпы орта білім беру мектептерде 2284 білім алып отыр. Оларға 569 арнайы маман қызмет көрсетеді. Олардың 242 дефектолог, 48 логопед, 279 педагог-ассистент және арнайы мамандар.
Аймақта 23 арнайы білім беру ұйымдары (6 ПМПК, 1 арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 3 оңалту орталығы, 3 облыстық арнайы мектеп-интернат, 1 аутизм орталығы) жұмыс жасайды.
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР № 343-ІІ Заңына сәйкес аймағымызда түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарды ашу тапсырмасы толық орындалды.
Өңірде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға арналған шаралар көптеп ұйымдастырылады:
Атап айтсақ, «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалі, «Жұлдызай» Ұлттық инклюзивті ойындары жыл сайын өткізіледі. Жыл сайын 300-ден астам бала аталған шараларға қатысып, жеңімпаздар Астана, Алматы қалаларында өтетін республикалық кезеңге қатысады.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба береді.