Мектептерде ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша 2024 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар ақпараты

Облыста 297 мемлекеттік мектепте (мектеп-интернаттарды қосқанда) ыстық тамақ ұйымдастырылады, оның 6-ы буфеттік.

Жаңа оқу жылында 92876 (54 %)  бала тегін ыстық тамақпен қамтылуда, оның ішінде әлеуметтік осал топта 28 121 бала, 1-4 сыныпта 64755 оқушы. Бастауыш сыныптар 100 пайыз қамтылған.

2024 жылы ыстық тамақпен қамтуға жергілікті бюджеттен 9 млрд. тг. бөлінген.

Орташа тамақ құны 580 тг құрайды. Облыс бойынша ортақ ас мәзір бекітілген.

Анықтама ретінде: Білім беру ұйымдарында ас мәзірінің нормалары ҚР Үкіметінің №320 Қаулының № 15 қосымшасына сәйкес жас ерекшілігіне қарай бөлінеді. 6-10 жас аралығы бала 1 күндік құны  560 тг, 11-14 жас 578,4 тг, 15-18 жас 607,2 тг. 

Асханасы жоқ 6 мектепте (Арал ауданы - 4, Шиелі - 2) буфеттік тамақ ұйымдастырылған.

Ақпарат ретінде: Арал ауданы асханасы жоқ 4 мектеп Жалғызағым, Ақшатау, Көнту бастауыш мектептері, Тоқабай ауылындағы аппатты жағдай № 248 мектеп, Шиелі ауданы асханасы жоқ 2 мектеп №151, Жуантөбе тегін буфеттік тамақ ұйымдастырылған.

Аталған мектептердегі бала саны 196 оның ішінде буфеттік тамақпен қамтылғаны 163 оқушы.

Жыл соңына дейін асханасы жоқ екі мектептің мәселесі жаңа мектеп құрылысын салу арқылы шешіледі ( Арал ауданы Тоқабай ауылы №248, Ақшатау ауылы бастауыш мектеп барлығы 116 оқушы).

Аймақта 60 кәсіпкер тамақтандыруды ұйымдастыруда.

Оқу жылының басында облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Ш.Баймановтың төрағалығымен кәсіпкерлер мен мектеп директорларының қатысуымен білім беру ұйымдарында тамақтандыру сапасы мен қауіпсіздігі жөнінде арнайы мәжілісте тапсырмалар беріліп, жауапкершілік ескертілді.

Дата публикации
10 октября 2024