Облыста 28 (17 мемлекеттік, 11 жеке) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс жасаса, ондағы білім алушылар контингенті 20 мың студентті құрайды.
Жастарды ТжКББ ұйымдарында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 100% тегін оқытумен қамтамасыз ету (9 сынып негізінде) тапсырмасы бойынша 2024-2025 оқу жылында 4608 орынға (9 сынып негізінде - 4158, 11 сынып негізінде - 450) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік білім беру тапсырысы) облыс әкімінің қаулысымен бекітілді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы облыстық кәсіпкерлер палатасы мен мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, 74 мамандықтың 116 біліктілігі бойынша әзірленді. Бұл шара халықтың барлық топтары үшін техникалық және кәсіптік білімге қолжетімділікті кеңейтуге бағытталды.
2023 жылы колледждердің күндізгі бөлімін бітірген 5293 түлектің 3932 (74,3 %) тұрақты түрде жұмысқа орналасты.