Ұлттық бірыңғай тестілеуге 7 391 немесе 89,3 пайыз бітіруші қатысты (ҰБТ ағымдағы жылдың 16 мамыр – 5 шілде аралығында өтті).
100 және одан жоғары балл жинаған бітірушілер саны – 1 361 немесе 18,4 пайызы.
Оның ішінде:
Арал – 138,
Қазалы – 161,
Қармақшы – 181,
Жалағаш – 63,
Сырдария – 68,
Шиелі – 107,
Жаңақорған – 128,
Қызылорда – 435,
№4 ОММЛИ – 20,
№9 БИЛ – 30,
№10 БИЛ - 30
Аймақтағы ең жоғары балл – 139, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №204 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 11 – сынып түлегі Жұбатқан Нұрболат Нұртуғанұлы.
Облыстың биылғы жылғы мектеп түлектеріне өткізілген ҰБТ бойынша орташа балл 75,0 құрап, республикада ең жоғарғы көрсеткішті иеленді.