Өңірде 62 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы (8 оқушылар Үйі, 1 қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы,13 өнер мектебі, 23 спорт мектебі, 7 лагері, 5 мектеп жанындағы орталық, 5 жеке жұмыс жасайды), онда 60 663 бала қамтылған (34%).
Мектептерде спорттық секциялар мен үйірмелерге 162693 (90%) оқушы тегін қатысады. (Анықтама үшін: Мектеп жанындағы үйірмелердегі бағыттар: көркем-эстетикалық бағытта, қолданбалы қолөнер бағыты, техникалық, қоршаған орта, туристік және өлкетану, әлеуметтік және гуманитарлық, жаратылыстану-математика, тіл, спорт және басқа да бағыттар. 295 мектеп жанынан (баскетбол, волейбол, футбол, қолдобы, шахмат, шағын футбол, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, ұлттық спорт түрлерінен)
297 мектеп жанынан (баскетбол, волейбол, футбол, қолдобы, шахмат, шағын футбол, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, ұлттық спорт түрлерінен) 1 877 спорттық секциялары жұмыс жасайды. 1877 дене шынықтыру мұғалімдеріне қосымша сабақтан тыс секция жұмыстарын жүргізуге базалық лауазымдық жалақы (1 БЛЖ–17 697 тг. РБ) төленуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бойынша республикалық Жол картасына аймақтан 4 нысан енгізілді.
Жеке инвестор есебінен («Қазгермұнай» БК ЖШС) Қызылорда қаласының сол жағалауында 350 орындық оқушылар сарайының құрылысы пайдалануға беріледі. Оқушылар сарайы заманауи талапқа сәйкестендірілген, сұарыстағы үйірмелер жұмыс жасайды.
Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінен 200 орындық 1 оқушылар үйі мен 50 орындық 1 өнер мектебінің құрылысы басталып, 2024 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарлануда.
Жоспарға сәйкес аймақтан маусымдық тынығу орталығы 2027 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Бұдан басқа, Қызылорда қаласынан жобалық құны 10,9 млрд теңгені құрайтын 500 орындық инновациялық шығармашылық орталығының құрылысы басталды.
Сондай-ақ, Шиелі ауданынан замануи талапқа сәйкес 120 орындық сауықтыру және оқу орталығының құрылысын салу бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда.