Жаңа 2024-2025 оқу жылында аймақта 297 мемлекеттік, 38 жекеменшік мектепте 184 924 оқушы білім алуда.
Оқушылар саны – 3 120 артты (өткен жылғы оқушы саны – 181 804). 1 - сыныпқа 17 579 бала қабылданды.
Ағымдағы жылдың 28 тамыз күні 2 мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді (Шиелі Жансейіт №133, 100 орын. Жаңақорған Байкенже №193, 150 орын).
Арал ауданы Тоқабай елді мекенінде 100 орындық, Ақшатау елдімекенінен 60 орындық мектеп (құны – 350 млн тг. Қыркүйек айында сатып алу жұмыстары жүргізіліп, бастауыш мектеп негізгі орта мектеп болып қайта құрылады (1-9 сыныптағы оқушы саны – 46) құрылыстары жеке инвестор есебінен жүргізілуде.
Оқулықтармен 100 пайыз қамтылған (қаралған қаржы – 1,8 млдр тг, оқулық саны – 438 мың дана, көркем әдебиет – 173 мың дана, барлығы – 611 мың дана).
Үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ.
2023-2024 оқу жылында 11 – сыныпты 8 285 оқушы (өткен жылы – 8 054 түлек бітірген) аяқтады. Оның ішінде 579 оқушы (өткен жылы – 514 оқушы «Алтын белгі» алған) «Алтын белгі», 856 оқушы (өткен жылы – 823 түлек үздік аттестат алған) «Үздік аттестат» алды.
ҰБТ – ға 7 391 немесе 89,3 пайыз бітіруші қатысты (ҰБТ ағымдағы жылдың 16 мамыр – 5 шілде аралығында өтті).
100 және одан жоғары балл жинаған бітірушілер саны – 1 361 немесе 18,4 пайызы (Арал – 138, Қазалы – 161, Қармақшы – 181, Жалағаш – 63, Сырдария – 68, Шиелі – 107, Жаңақорған – 128, Қызылорда – 435, №4 ОММЛИ – 20, №9 БИЛ – 30, №10 БИЛ - 30).
Аймақтағы ең жоғары балл – 139, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №204 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 11 – сынып түлегі Жұбатқан Нұрболат Нұртуғанұлы.
Облыстың биылғы жылғы мектеп түлектеріне өткізілген ҰБТ бойынша орташа балл 75,0 құрап, республикада ең жоғарғы көрсеткішті иеленді.