Қызылорда облыстық білім беру ұйымдарының 2024 жылдың тамыз айы бойынша қаржының атқарылуы

2024 жылдың сегіз ай бойынша жоспары  173 858 514,7 мың теңге болса,   173 837 424,9  (РБ-5 218 412,2; МБ-168 619 012,7)  мың теңге  атқарылды,

      оның ішінде тамыз айына жоспары 15 572 671,5 мың теңге, оның игерілгені 15 551 581,8 (РБ-524 484,3; МБ -15 027 097,5) мың теңге.

           Білім басқармасы бойынша игерілмегені 21 089,7 (РБ-225,8; МБ-20 863,9) мың теңге 100 пайыз, үнемделген қаражат – 10 352,6 мың теңге, басқа да себептермен – 10 737,1 мың теңге,

 оның ішінде

           Үнемделгені  10 352,6 мың теңге, оның ішінде РБ – 225,8 мың теңге млн. тг. (еңбекақы мен салықтардан үнемделген), ЖБ – 10 126,8 мың. тг, (мектептердің еңбекақысы мен салықтардан- 4786,7 м.т., нақты орындалу актісіне сәйкес коммуналдық шығындар мен байланыс қызметінен- 1026,7 м.т., ҚР Үкіметінің 25.01.2008 жылғы №64 қаулысына сәйкес, жалпы білім беру қорының есебінен білім алушылардың жекелеген санаттарына 2024-2025 жаңа оқу жылына қажетті мектеп формасы мен кеңсе құралдарына, бір реттік қаржылай көмектен -1818,3 м.т.,  қалған 2495,1 м.т. әр түрлі ерекшеліктен).

 

           Қалған  10 737,1 мың.тг.

       2097,7 мың теңге, оның ішінде, 665,0 мың теңге №7 арнайы түзету мектеп-интернаты КММ-і ғимаратында плитка төсеу жұмыстары аяқталып, орындалу актісіне сәйкес аударым шот фактураның, 305,5 мың теңге №3 облыстық балалар оңалту орталығы КММ-ң бу қазандық жабдықтарын, энергетикалық жабдықтарымен жүйелерге техникалық қамтамасыз етіп, қызмет көрсетуде өнім беруші орындалу актісіне сәйкес шот-фактураны және 1127,2 мың теңге  Қазалы, Жаңақорған ауданы бойынша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің іс-сапар шығындарымее есептесу үшін төлем-шот құжаттарынан ресми қателіктер кетуіне байланысты кері қайтарылған қаражат.

        3650,0 мың теңге Жаңақорған ауданы бойынша №51 орта мектепте 1000,0 мың теңгеге рәміз стендт сатып алу мен №254 орта мектепте 2650,0 мың теңгеге бу қазандығының қосалқы бөлшектерін сатып алуда өнім беруші келісім-шарттың талаптарын орындамағаны үшін қаражат игерілмеді.

       4108,3 мың теңге Жаңақорған ауданы бойынша №56,89,180,192,245,254 мектептердің бейнекамераға, өрт қауіпсіздігі мен бу қазандық жабдықтарға техникалық бақылау жүйесінің орындалу актісіне сәйкес төлем жүргізілетін шот-фактурадан ресми қателіктер кетуінен кері қайтарылған қаражат.

       761,1 мың теңге Шиелі ауданы  бойынша №141 мектептің бу қазандығының қосалқы бөлшек-сорғы (насос) мектепке өнім беруші жеткізбегендіктен қаражат игерілмеді.

      120,0 мың теңге  Арал ауданы бойынша №63 мектептің бу қазандығының қосалқы бөлшек-оттығына (горелка) мемлекеттік сатып алу конкурстың нәтижесі шықпауынан қалған қалдық қаражат. 

 

Дата публикации
02 сентября 2024