Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы А. Есжановпен 28 азаматтың мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізілді.
Жеке қабылдауға келушілер жұмысқа орналасу, жеке балабақша ашу, мектеп асханасын жалға алу, Президент атынан ұйымдастырылатын шыршаға балаларын қатыстыру бойынша өтініштерін білдірді.
Өз кезегінде, басқарма басшысы А. Есжанов жеке қабылдауда көтерілген ұсыныстар мен сауалдарға заң шеңберінде жауап берді.
9 өтініш бойынша азаматтардың мәселесі қанағаттандырылып, 19 өтініш иесіне заңдылыққа сәйкес түсіндірме берілді (жұмысқа орналасу, асхананы жалға алу, баланы интернатқа орналастыру, шыршаға қатыстыру т.б.).
2024 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурызы аралығында жеке және заңды тұлғалардан барлығы 343 өтініш тіркеліп, заңға сәйкес мерзімінде жауап жолданды.