Білім саласында 2024 жылдың қаңтар-наурыз айындағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту. Қызылорда облысында 680 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді (621 балабақша, 59 шағын орталық). Онда 52 135 бала тәрбиеленіп, білім алуда. Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны – 220, ондағы балалар саны – 19 632.

Облыста 460 жекеменшік  балабақша, контингенті – 32 503.

Жалпы білім беретін мектептердегі мектепалды даярлық сыныптарына 9540 бала қамтылған.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші- 90.2%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші – 100 %.     

Бүгінгі таңда облыстағы 621 балабақша "мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыруға жолдама беру үдерісі мен кезектілікті қалыптастыру мен қызметін автоматтандыру" жүйесіне 100% қосылған.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі жаңа құрылыстың, сондай-ақ жеке нысандағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ашылуының есебінен ұлғаюда.

Кезектілікті жою мақсатында 2027 жылға дейін жалпы қуаты 23 248 орындық 96 мектепке дейінгі білім беру ұйымын пайдалануға беру жұмыстары жоспарлануда.

Мектепке дейінгі ұйымдарда 6 252 педагог жұмыс істейді, оның ішінде мектепке дейінгі арнайы жоғары білімді – 4 492 (71,8 %) және мектепке дейінгі арнайы орта білімді 1 760 (28,2 %) педагог. Жоғары санатты – 84 (1,34%), бірінші санатты - 218 (3,5%), екінші санатты – 358 (5,73%) және санатсыз- 3 556 (56,9 %) педагог. Педагог-шебер – 2 (0,03 %), педагог-зерттеуші – 89 (1,4%), педагог-сарапшы – 471 (7,5%), педагог-модератор – 1474 (23,6%).

Орта білім. Қызылорда облысында 336 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 297 мемлекеттік күндізгі (қазақ тілінде оқытатындар - 269, аралас оқытатындар-27), 30 жекеменшік, 6 кешкі, 3 арнайы мектеп-интернат жұмыс істейді. 

2023-2024 оқу жылында мектеп оқушыларының контингенті барлығы 182 335 құрады, оның ішінде мемлекеттік мектептегі оқушылар саны 170 714 оқушы, жекеменшік мектептердегі оқушылар саны 11621 оқушы.

"Мың бала" Ұлттық зияткерлік олимпиадасының I кезеңіне облыс бойынша 6200 оқушы қатысып, II кезеңіне 749 бала жолдама алған. Облыс бойынша жеңімпаздар саны – 130.

2022-2023 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер  саны - 8210.

2023 жылы ҰБТ - ға барлығы 7421 оқушы (90,4%) қатысуға өтініштерін берген. ҰБТ мамыр-шілде айлары аралығында өтуде.

Облыс бойынша 2023 жылы "Алтын белгі" иегерлерінің саны - 514, үздік аттестат - 915.

Ұйымдардағы ақпараттық-техникалық жабдықтар бойынша: компьютерлік құрылғылар саны - 44 127 (бес оқушыға бір компьютер қатынасында).

Облыс мектептері интерактивті сабақтарды "Bilimland" инновациялық білім беру онлайн ресурсына қосылған "Bilimland" инновациялық білім беру онлайн ресурсының көмегімен пайдаланады. Сондай-ақ, облыс мектептері "Дарын онлайн", "Bilimland" цифрлы платформаларын кеңінен қолданады.

Облыс бойынша 297 жалпы білім беретін мектептердің барлығында дебат клубы құрылған. Оған 8 059 оқушы қатысады. 30 колледжде 38 дебат клубы бар, онда 708 студент қамтылған. Облыстың жас дебатерлері ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі өткізген "Ұшқыр ой алаңы" дебат турнирінде жақсы нәтижелермен ерекшеленді.

Білім алушылардың білім сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында:

Қызылорда облысындағы халықаралық зерттеулердің нәтижелері бойынша бірінші кезектегі міндет оқу сауаттылығын арттыру болып табылады. Оқу сауаттылығын арттыру және "оқитын мектеп" жобасын қолдау мақсатында облыс әкімдігі арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Іс-шаралар жоспарында облыстық мәдениет басқармасымен бірлескен жобалар қарастырылған. Облыстың білім беру ұйымдарының 186 кітапханасы оқушыларға ыңғайлы болу үшін "Коворкинг" орталықтарына бейімделген. "Үздік кітапхана - коворкинг-орталық "облыстық байқауы өткізілді.

Қызылорда облысы әкімдігінің 2021-2025 жылдарға арналған "Оқитын ұлт-оқитын мектеп" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған жоспар Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бірлескен іс-шараларды, оған ведомстволық бағынысты кітапханалармен және білім беру ұйымдарының кітапханаларымен бірлескен іс-шараларды өткізуді көздейді. Іс-шаралар жоспары аясында облыстық ішкі саясат басқармасы тақырыптық билбордтар орнатуды, "оқитын мектеп" жобасы бойынша жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желілер арқылы материалдар жариялауды көздейді.

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап 1 - 4 сыныптардағы 66 358 оқушы тегін тамақпен қамтылды. Бөлінген қаржы – 5,5 млрд. теңге. Бұдан бөлек міндетті оқу қоры есебінен 3,3 млрд. теңгеге әлжуаз отбасының балалары тегін тамақпен қамтылуда.

Инклюзивті білім беру. Облыс бойынша 2023-2024 оқу жылы 7835 мүмкіндігі шектелу бала ПМПК есебіне алынған. Оның ішінде, 1468 бала балабақшада, 2214 бала мектепте, 1218 бала үйден, 299 бала арнайы мектептерде, 232 бала колледжде білім алады. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім алуға жағдай жасалған мектептердің үлесі 88,3%-ді құрайды.

Аймақта 23 арнайы білім беру ұйымдары (6 ПМПК, 1 арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 3 оңалту орталығы, 3 облыстық арнайы мектеп-интернат, 1 аутизм орталығы) жұмыс жасайды.

«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР № 343-ІІ Заңына сәйкес аймағымызда түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарды ашу тапсырмасы толық орындалды. Облыста 50 мың балаға 6 ПМПК бар. Барлық 6 ПМПК облыс тұрғындарының қажеттіліктерін өтейді.

Өңірде ЕБҚ (Ерекше білім алу қажеттілігі) бар балалармен дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізу, дамыту және оқыту үшін түзету кабинеттері (9 кабинет) және 3 оңалту орталығы жұмыс істейді. Олар арнайы мұғалімдермен қамтамасыз етілген.

Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі 100 %-ды құрайды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында барлығы 1468 ЕБҚ бала бар.

Өңірдегі 295 мектептің 172-де инклюзивтік қолдау кабинеттері, 8 мектепте инклюзивтік ресурстық орталықтар ашылды. 2023-2025 жылдары тағы 14 инклюзивтік кабинет ашу жоспарланды.

Шағын мектептер. Облыс бойынша шағын жинақты мектептер саны – 12 (Арал ауданы – 7, Қазалы ауданы – 3, Шиелі ауданы-2), жалпы контингенті 566 оқушы.

12 шағын жинақталған мектептің 3 орта, 5 негізгі, 4 бастауыш мектеп.

ШЖМ-де 181 педагог жұмыс істейді.

Қосымша білім. Қызылорда облысында 62 қосымша білім беру ұйымы бар. 9 оқушылар үйі, 13 өнер мектебі, 23 спорт мектебі, 7 лагерь, 5 мектеп жанындағы орталық, 5 жеке қосымша білім беру ұйымы. Онда 58 848 бала қамтылған.

Сондай-ақ, 297 мектеп жанындағы спорттық секция мен үйірмелерде 156 754 бала көркемдік-эстетикалық, қолданбалы қолөнер, техникалық, экологиялық, туризм және өлкетану, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика, тіл, спорт бағыттары бойынша жалпы қосымша біліммен қамтылған.

2023 жылы Қазгермұнай демеушілігімен Қызылорда қаласының сол жағалауынан 350 орындық оқушылар сарайы салынып, 2024 жылы пайдалануға берілетін болады.

Балалардың құқықтарын қорғау. Облыста отбасы үлгісіндегі 1 балалар ауылы жұмыс істейді, 52 бала (2022 жылы –60 бала) тәрбиеленуде.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босататын) немесе жергілікті тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй бөлінген кезде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үйлердің жалпы санының кемінде жиырма пайызы; жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған үй-жайлар немесе тұрғын үй-жайлар. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй қорынан 2020 жылы - 72, 2021 жылы – 69, 2022 жылы – 0, 2023 жылы – 95 (22 %) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Тізімге сәйкес тұрғын үй кезегінде тұрғандарды түгендеу және салыстыру тұрақты жүргізіледі.

Бас прокуратураның Статистика комитеті Қызылорда облысы бойынша басқармасының ақпаратына сәйкес 2023 жылдың 12 ай қорытындысымен 8 аяқталған суицид және 5 ұмтылыс тіркеліп, 2024 жылдың қаңтар-наурыз айы аралығына 4 аяқталған суицид, 3 суицидке ұмтылыс тіркелген. Әр суицид оқиға бойынша мобилдік топ зерделеу жүргізіп, анықтамасын дайындайды және ведомствоаралық Үйлестіру кеңесте қаралады.

Психологиялық қолдау тобына алынған және аутодескрутивтік міңез құлықты балалар дәрігерлердің бақылауында болу тиіс. 

Осыған орай, кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарының психологтарымен 237 бала тәукел және психологиялық қолдау тобына алды. Олардың 369-і емханаларға жолданды.

Сонымен бірге, білім беру ұйымдарымен жүргізілген кешенді тест қорытындысымен екі рет психологиялық қолдау тобына шыққан 111 психиатр мамандарымен қаралды.

Облыс әкімінің орынбасарымен «Кәмелетке толмағандар арасында суицид, құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық пен ерте жүктіліктің алдын алу бойынша 2023 жылға арналған ведомствоаралық іс-шаралар жоспары» бекітілді. 

Жоспарға сәйкес 2023 жылдың қазан айында барлық білім беру ұйымдарында 5-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс студенттер арасында кешенді тест алынып, нәтижесінде «Психологиялық қолдау» тобына алынған 5306 бала сұхбатқа шақырылды.Сұхбат жүргізу мақсаты зорлық-зомбылық белгілерін анықтау, мектеп, колледж әкімшілігін хабардар ету. Сұхбаттан кейін «тәукел» топқа 237, «Психологиялық қолдау» тобына 688-і алынды.

«Тәуекел тобы» мен «Қолдау топтарынан» қаралған 925 жасөспірімнің арасынан 26 оқушыға –  амбулаторлық ем тағайындалды.  

2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында кәмелетке толмағандар арасында жыныстық сипаттағы қарсы жасалған зорлық-зомбылық бойныша 5 жағдай тіркелген. Орын алған құқық бұзушылықтық фактісіне байланысты тексеру жұмыстарын жүргізу үшін, мәлімет заң органдарына хабарланды.  

Кәмелетке толмағандарға қатысты қауіпсіздік шаралар қабылданып, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге алынды. 

Техникалық және кәсіптік білім беру. Желі – 28 колледж (мемлекеттік - 17 бірлік, жеке - 11 бірлік).

Контингент – 20 213 адам (мемлекеттік - 10825, жеке - 9388)

Қабылдау - 6319 адам (мемлекеттік - 3386, жеке - 2933), оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысымен -  4668.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылар контингенті - 12586. Ақылы негізде - 7627.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында 410 студент білім алуда.

Түлектер саны 6059 адамды құрады. (мемлекеттік  - 3493, жеке - 2566)

Барлығы 2168 педагог, оның ішінде 418 өндіріс шебері, 1750 оқытушы, 28 басшы, оның ішінде жоғары білімді - 1915 (88,0%), ТжКБ бар – 268 (12,0%).

Дуалды жүйе бойынша 23 колледжде 3198 студент білім алуда.

17 мемлекеттік колледжде 15 жатақхана жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы 1625 орынды құрайды. 2019-2023 жылдары 1880 орынды 6 жатақхана пайдалануға берілді.

2023 жылы 75 орындық 1 жатақхана (Арал индустриалды-техникалық колледжі – 75 орын) 1 қыркүйекке пайдалануға берілді, МЖӘ аясында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні жатақханаға қажеттілік жоқ.

Жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 70,0% - ды немесе 6059 адамды құрады, мемлекеттік тапсырыс бойынша түлектер саны 4549 адамды, оның ішінде 3177 адам жұмысқа орналастырылды, бұл 70% - ды құрады.

Дата публикации
02 апреля 2024