Ұйымдастыру және әкімшілік бөлімінің
Ережесі
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және басқа да заң актілерін, Қызылорда облысы әкімі мен әкімдігінің актілерін, Басқарма басшысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімнің өкімдері мен шешімдерін, әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеуге қатысты құжаттарды дайындауға қатысу, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Функциялары:
1) Басқармада іс-қағаздарын жүргізу жағдайын қамтамасыз ету және бақылау;
2) «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» электрондық құжат айналымы қағидаларына сәйкес жұмысты ұйымдастыру;
3) Басқарманың іс-құжаттарын жүргізеді және құжат-айналымының ұйымдастыру-бақылауын қамтамасыз етеді. Кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеу. Басқарма бойынша істер номенклатурасын әзірлеп, бекітуге ұсынады;
4) Ағымдағы мұрағатқа және тұрақты сақтауға тапсыру үшін материалдарды даярлау, бөлімдерден ұсыныстар жинақтап, істер номнеклатурасына өзгерістер енгізу. Басқарманың мұрағат ісінің жүргізілуіне, басқарма бойынша құжатайналымының айлық, тоқсандық, жылдық есептерінің жасалуына қамтамасыз етеді;
5) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, тіркеу, есепке алу жүргізу және оларға уақытылы жауаптар берілуін қадағалау;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің саясатын іске асыру;
7) Штаттық кестесін, штаттың саны мен құрылымын әзірлеуге және жұмыс берушінің актілерін жобаларын дайындауға қатысу;
8) Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шараларды жүргізеді және бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету;
9) Мекемедегі мөр, мөртабан, фирмалық бланкілердің сақталуын, әзірленуін, жойылуын жүзеге асыру;
10) Басқарманың кадрлық іс қағаздарын, құжаттаманы жүргізу мен қадағалауды жүзеге асыру;
11) Басқарманың қызметін қамтамасыз ету бағытында барлық деңгейдегі әзірленетін келісім-шарттардың, басқарманың және облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын заңға сәйкес әзірленуін қадағалау;
12) Облыс әкімдігі мен әкімінің актілерін қоса алғанда, қолданыстағы заңнамаларды талдау және құқықтық мониторинг жүргізу және құқықтық оқыту өткізу;
13) Басқарма шеңберінде кадр саясатын жүргізу;
14) Басқарма қызметкерлерінің Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қадағалау;
15) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен жұмысты үйлестіру;
16) Басқарма қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша медициналық және өзге де мекемелермен жұмыс жасау;
17) Басқарма басшысы тағайындайтын мемлекеттік және штаттан тыс қызметшілердің қызмет өткерулеріне байланысты бұйрықтарын рәсімдеу;
18) Мемлекеттік қызметшілердің және штаттан тыс қызметшілердің жеке істерін жүргізу;
19) Мемлекеттік қызметшілердің заңда белгіленген шектеулерді қабылдауы, туралы келісімін жазбаша нысанда белгілеу (өзіне қабылданған шектеулерді бұзған жағдайда құқықтық салдары туралы хабардар етеді;
20)Уәкілетті органға ұсыну үшін бос лауазымдар тізімін,
бос лауазымдарды толтыру жөнінде өтінімдер және өзге де қажетті тізімдер мен хаттамаларды рәсімдеу. Тоқсан сайын мемлекеттік қызметшілер жөніндегі есепті дайындау;
21) Мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулердің сақталуын бақылау;
22) Мемлекеттік қызметшінің теріс қылық жасаған жағдайда қызметтік тексеру жүргізіп, құжаттарын әзірлеп, тәртіптік комиссияның қарауына ұсыну;
23) Аттестациялаудан өтетін мемлекеттік қызметшілердің тізімін, аттестация өткізу мерзімі және аттестация комиссиясының құрамын анықтап, аттестациядан өткізу құжаттарын рәсімдеу;
24) Мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақы есептелетін мемлекеттік қызмет өтілін анықтау;
25) Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру;
26) Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік және іс-сапарлық куәліктер беру құжаттарын рәсімдеу;
27) Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптар мен лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу;
28) Ұйымдастырушылық, кадрлық жұмыстарды жүргізу;
29) Басқарма қызметкерлерінің жеке істерін жүргізеді, еңбек кітапшаларын толтырады, мемлекеттік қызметшілердің қызмет тізімдерін толтырады және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
30) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай қызметкерлердің қабылдануын, ауысуын, босатылуын рәсімдеу;
31) Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізу, басқарма қызметшілерінің аттестациядан өту және міндетті арнайы тексеруден өту құжаттарын дайындап, уақытылы жүргізіп отыру;
32) Қызметшілердің тәртіптік жазаларына қызметтік тексеру жүргізуге, тәртіптік комиссияның жұмысына қатысу;
33) Басқарманың бұйрықтарын рәсімдеу;
34) Кадрлар жөнінде айлық, тоқсандық, жылдық есептерінінің жасайды. Қызметкерлерді көтермелеу мен марапаттауға ұсыну;
35) «Е-қызмет» жүйесі бойынша кадрлық мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды атқару;
36) Қызметкерлерді міндетті арнайы тексеруден өту құжаттарын дайындап, уақытылы жүргізіп отыру;
37) Басқарманың қызметін қамтамасыз етуге қажетті материалдық-техникалық базасын нығайту шараларын ұйымдастыру;
38) «Құпия іс қағаздарын», «ҚБПҮ» құжаттарын жүргізеді, оның құпиялығын қамтамасыз етеді, рұқсат беру құжаттарының ресімделуін қадағалау;
39) Басқарма басшысы басшылық жасайтын жиналыстарды ұйымдастырады, тұрақты мәжілістерін, жиналыстарын, алқа мәжілістерінің жұмыс жоспарын, құжаттарын дайындайды, хаттамасын рәсімдейді және хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылайды. Басқарма басшылары мен тиісті сала өкілдерін жиналыстарға шақыруын қамтамасыз ету;
40) Басқарманың қызметін бағалау бағыттары бойынша жұмысты үйлестіреді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарау және орындау талаптарын қамтамасыз етуге бақылау жасайды. «ЕСЭДО» бағдарламасы бойынша электрондық құжатайналымының және құжаттардың орындалуына жүйелі бақылау, қызметкерлердің электрондық қолтаңбаларын алуын, мерзімінде ауыстырылуын қадағалайды, кіріс-шығыс құжаттарына айлық мониторинг жүргізілуіне бақылау жасау;
41) Мекемедегі болатын кезекшілік кестесін әзірлеп, өткізілуін қадағалау;
42) Мекемеде өткізілетін шараларды ұйымдастыру;
43) Басқармадағы арыз-шағымдармен жұмысты ұйымдастыру, азаматтардың арыз-шағымдарының қаралу тәртібінің сақталуын іске асыру және олардың статистикалық есебін жүргізіп отыруын қадағалау;
44) Басқарманың, бөлімдердің атқарған жұмыстары туралы тоқсандық, жылдық есептерін жинақтайды. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігінің қаулысы жобасын әзірлеп келісуге ұсыну, бөлімнің айлық, тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарларын жасайды және қамтамасыз ету;
45) Білім саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыруға, түсіндіруге, насихаттауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, ҚР Заңдарының, ҚР Президенттің Жарлықтарының, ҚР Үкіметтің қаулыларының және басқа да актілерінің, облыс әкімдігінің қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау;
46) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
47) білім саласы мәселелеріне қатысты құттықтау, баяндамалар жобаларын әзірлеу;
48) Кадрларға оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлауды бақылайды. Кадр жұмыстарын бақылайды, талдау жасайды. Педагогикалық кадрлар туралы және тағы да басқа тоқсандық, жылдық есептердің уақтылы берілуін бақылайды; Білім саласындағы бос орынға хабарландыру жариялауды және құжаттарын жинақтауды ұйымдастырады.
49) Педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмысын ұйымдастырады; Облыс әкімінің «Үздік мұғалім» сыйақысы, республикалық «Үздік педагог» конкурстарының жұмыстарын, басқа да кәсіби конкурстардың өтуін үйлестіреді; Педагог қызметтерге қатысты мерекелерді ұйымдастырады; Білім саласы қызметкерлерін марапаттауды ұйымдастырады.
50) Бөлімге жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
1) Бөлім өзіне жүктелген негізгі міндеттері мен функцияларды іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) Басқарма басшысының келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі іс-шаралар мен Басқармада жалпыға бірдей құқықтық оқытуды іске асыру үшін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін тартуға құқылы;
3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
5) Бөлімінің құзыретіне кіретін әкім және әкімдік актілерінің жобаларын дайындау;
1) Бөлімнің жұмысын басқарады және ұйымдастырады, Бөлім мамандарының шығармашылық, кәсіби жұмыс атқаруына қолайлы жағдай қалыптастырады;
2) Басқарма басшысына Бөлім туралы ережені, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын бекітуге ұсынады;
3) Бөлімнің ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарларын әзірлейді, орындалуын қадағалайды;
4) Бөлімнің жергілікті мемлекеттік органдарымен өзара жұмыс қарым-қатынасын үйлестіреді.
5) Ұйымдастыру және әкімшілік бөлімінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін көтермелеуге, сондай-ақ оларға тәртіптік жаза қолдану бойынша Басқарма басшысына ұсыныс жасайды;