Отдел технического и профессионального образования

Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің

Ережесі

  1. 1. Жалпы ережелер
  2. Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі  Қызылорда облысының білім басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі  өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің  шешімдері мен өкімдерін, облыс  әкімі аппараты басшысының  бұйрығын, қолданыстағы нормативтік актілерді, ережелерді, нұсқауларды, әдістемелік ұсыныстарды және осы ережені басшылыққа алады.
  4. Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің  құрылымын, штат санын ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді.
  5. Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің

функциялары мен құқықтары

  1. Міндеті:

          1) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және басқа да заң актілерін, Қызылорда облысы әкімі мен әкімдігінің актілерін, Басқарма басшысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімнің өкімдері мен шешімдерін, әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеуге қатысты құжаттарды дайындауға қатысу, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

          3). Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді атқарады.

  1. Функциялары:

1) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсынады;

         6) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

         7) Мемлекеттік жастар саясатына байланысты жұмыстарды үйлестіреді;

         8) Техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлеріне мониторинг жүргізеді, тиісті органдарға есеп береді;

         9). Техникалық және кәсіптік білім бөлімі оқу орындары (колледждер) жұмысына мониторингі жүргізеді, әдістемелік көмек көрсетуді, материалды-техникалық базасын нығайтуға ұсыныс беруді қамтамасыз етеді;

        10). Техникалық және кәсіптік білім саласына қатысты «Құпия»,          ДСП» белгісі бар құжаттармен жұмысты қамтамасыз етеді, тиісті органдарға есеп береді;

        11). Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу тәрбиелік іс-шараларын ұйымдастырады;

          12). Кәсіптік білім берудің оқыту бағдарламаларының (дуальды оқыту, модульдік білім беру т.б) жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

         13). Техникалық және кәсіптік білім беру саласында жобалық басқару жүйесіне енгізілген мақсатты көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді;

        14). Техникалық және кәсіптік білім беру саласында жұмысшы мамандарының беделін көтеру, жастардың жұмысшы кәсібіне деген қызығушылығын артыру мақсатында әртүрлі аймақтық байқаулар, конкурстар ұйымдастырып, өткізілуін қамтамасыз ету;

        15) Осы сала бойынша әр жаңа оқу жылында жарты жылдан және жылдың қорытындысымен облыс бойынша білім беру мекемелерінің санын ондағы оқушылар контингентін анықтауды жүзеге асырады;

        16) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы инженер-педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

        17) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы шараларды ұйымдастыру;

         18) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бойынша жатақханамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды үйлестіру, тиісті мемлекеттік органдарға есеп беру.

19) Бөлімге жүктелген өзге де функцияларды  орындайды.        

  1. Құқықтары және міндеттері:

1) Бөлім өзіне жүктелген негізгі міндеттері мен функцияларды іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:

2) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

3) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

4)  қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

          5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті;

          6) Бөлімінің құзыретіне кіретін әкім және әкімдік актілерінің жобаларын дайындау;

         

  1. Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің қызметін ұйымдастыру:

         

  1.  Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімін басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  3. Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы бөлімінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  4. Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Басқарманың басшысына бөлімінің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  5. Бөлім басшысы:

          1) Бөлімнің жұмысын басқарады және ұйымдастырады, Бөлім мамандарының шығармашылық, кәсіби жұмыс атқаруына қолайлы жағдай қалыптастырады;

          2) Басқарма басшысына Бөлім туралы ережені, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын бекітуге ұсынады;

          3) Бөлімнің ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарларын әзірлейді, орындалуын қадағалайды;

          4) Бөлімнің жергілікті мемлекеттік органдарымен өзара жұмыс қарым-қатынасын үйлестіреді.

          5) Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін көтермелеуге, сондай-ақ оларға тәртіптік жаза қолдану бойынша Басқарма басшысына ұсыныс жасайды;

  1. Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге, мемлекеттік органдарға жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшені жетекшілік жасайтын басқарма басшысының орынбасары, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

         

        

 

Дата публикации
01 сентября 2020