Отдел воспитательной работы

 

Тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары бөлімінің

Ережесі

  1. 1. Жалпы ережелер
  2. Тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары бөлімі Қызылорда облысының білім басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің  шешімдері мен өкімдерін, облыс  әкімі аппараты басшысының  бұйрығын, қолданыстағы нормативтік актілерді, ережелерді, нұсқауларды, әдістемелік ұсыныстарды және осы ережені басшылыққа алады.
  4. Тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары бөлімінің құрылымын, штат санын ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді. 

 

  1. Тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары бөлімінің

функциялары мен құқықтары

        

  1. Міндеті:

          1) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және басқа да заң актілерін, Қызылорда облысы әкімі мен әкімдігінің актілерін, Басқарма басшысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімнің өкімдері мен шешімдерін, әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеуге қатысты құжаттарды дайындауға қатысу, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

         3) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөніндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді атқарады.

  1. Функциялары:

         1). Адамгершілік мәдениетті тәрбиелеуге, ұлттық ұқсастықты қалыптастыруға бағытталған бастамаларының негізінде тиісті жұмыстардың жүргізілуін бақылайды; 

2). Қазақстандық бірегейлік пен бірлік тұжырымдамасын, сондай-ақ «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру мәселері; 

3). «Адал Ұрпақ» ерікті оқушылар клубының іс-шараларың ұйымдастырады;

4). «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру бойынша тиісті жұмыстарын жүргізеді. 

5). БҰҰ-ның Қазақстандағы ЮНИСЕФ балалар қорымен бөлімге қатысты жүзеге асыратын іс-шараларды ұйымдастырады;

6). Жалпы білім беретін оқу орындарындағы нашақорлыққа, темекі шегу мен алькоголизмге қарсы іс-шаралардың жүргізілуін және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысының жұмысын бақылау жасайды;

7).  Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қиын бала» тобымен  профилактикалық шараларды ұйымдастыруын бақылайды;

8). Жалпыұлттық баяндама материалдарын және  іс-шараларды және жинақтайды. Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық шырша өткізу жұмыстарын ұйымдастырады;

9). Облыстық кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеу орталығының, облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығының, Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернатының, Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының жұмыстарын бақылайды, материалдық-техникалық базасын жаңарту, жақсарту туралы ұсыныс береді;

10). Терроризмге және діни экстремизимге қарсы іс-шаралардың жүргізілуін бақылайды, тиісті шараларды ұйымдастырады; 

11). Жұмылдыру дайындығы іс-шаралардың жүргізілуін бақылайды, тиісті шараларды ұйымдастырады; 

12). Тәрбие және дене тәрбиесі мен спорт әлеуметтік қорғау саласында балалар мүдделеріне орай орталық атқарушы органдар айқындығын мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады; 

13). Жазғы тынығу лагерьлерінің жазғы жеңіл жұмыспен қамту жұмыстарын  бақылайды ұйымдастырады; 

14). ҚР БҒМ 22.04.2015 ж. № 257 «Тәрбиенің тұжырымдамалы негіздері» Бұйрығы негізінде Экологиялық тәрбие шараларының орындалуын қамтамасыз етеді және орындалуын бақылайды;  

15). Мектептен тыс мекемелердің деректер базасын жасайды; дамыту бағытындағы іс-шараларды ұйымдастырады. Қосымша білім беру мекемелерінің (әуез, өнер мектептері мен оқушылар үйі) жұмыстарын үйлестіреді,

16).  Мектеп психологиялық қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіреді;

17). Білім беру мекемелерінде жол қауіпсіздігі ережелері талаптарының орындалуын үйлестіреді;

18). «Жас ұлан» балалар қозғалысының жұмыстарын үйлестіреді, жастар арасындағы тәрбие жұмыстарын үйлестірудің орталықтандырылған жүйесін қалыптастыруға ықпал жасайды;

19). Өзін-өзі тану жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастырады және бақылайды. 

20). Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай қолданылуы мен пайдаланылуы жұмыстарын ұйымдастырады; 

21). Бөлімге қатысты мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды (регламентті әзірлеу, ұсыныстар беру т.б.) ұйымдастырады және бақылау жасайды;  

22). Прокуратура, ІІД-мен байланысты қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықты, бейәлеуметтік құбылыстарды болдырмау және алдын-алу  шараларын ұйымдастырады;

23). Ішкі істер бөлімшелерінің есебінде тұрған балалардың, «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік, «Жасөспірім» деректер базасымен тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырады;

24). Білім беру мекемелерінде өрт, су, жол қауіпсіздігі ережелері талаптарының орындалуын үйлестіреді;

25). Отбасылық құндылықтарды насихаттауды ұйымдастырады;

26). Білім беру ұйымдарында спорт түрлерінің дамуын, спорт секцияларының жүйелі жұмыс жасауын бақылайды;

27). Еріктілер, әскери-патриоттық ұйымдардың, әскери-спорттық, әскери-іздестіру және спорттық-техникалық клубтардың желісін көбейту жұмыстарын үйлестіреді;

28).  Әскери-спорттық сайыстарды, мектептердің спорт залдарын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру жұмыстарын ұйымдастырады;

29). балаларға облыстық деңгейде жүзеге асырылатын қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

30). орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;

31). білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидасын әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;

         32). Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

33) Тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады;    

34) Бөлімге жүктелген өзге де функцияларды  орындайды.        

        

 

  1. Құқықтары және міндеттері:

1) Бөлім өзіне жүктелген негізгі міндеттері мен функцияларды іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:

2) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

3) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

4)  қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

          5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті;

          6) Бөлімінің құзыретіне кіретін әкім және әкімдік актілерінің жобаларын дайындау;

                  

  1. Тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары бөлімінің қызметін ұйымдастыру.
  2. Тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  3. Тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары бөлімді басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  4. Тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары бөлімінің басшысы бөлімінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  5. Тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары бөлімінің басшысы Басқарманың басшысына бөлімінің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  6. Бөлім басшысы:

          1) Бөлімнің жұмысын басқарады және ұйымдастырады, Бөлім мамандарының шығармашылық, кәсіби жұмыс атқаруына қолайлы жағдай қалыптастырады;

          2) Басқарма басшысына Бөлім туралы ережені, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын бекітуге ұсынады;

          3) Бөлімнің ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарларын әзірлейді, орындалуын қадағалайды;

          4) Бөлімнің жергілікті мемлекеттік органдарымен өзара жұмыс қарым-қатынасын үйлестіреді.

          5)Тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары бөлімінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін көтермелеуге, сондай-ақ оларға тәртіптік жаза қолдану бойынша Басқарма басшысына ұсыныс жасайды;

  1. Тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге, мемлекеттік органдарға жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшені жетекшілік жасайтын басқарма басшысының орынбасары, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Дата публикации
01 сентября 2020