Мектепке дейінгі және орта білім бөлімі

Мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің Ережесі

  1. 1. Жалпы ережелер
  2. Мектепке дейінгі және орта білім бөлімі Қызылорда облысының білім басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Мектепке дейінгі және орта білім бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің  шешімдері мен өкімдерін, облыс  әкімі аппараты басшысының  бұйрығын, қолданыстағы нормативтік актілерді, ережелерді, нұсқауларды, әдістемелік ұсыныстарды және осы ережені басшылыққа алады.
  4. Мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің құрылымын, штат санын ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді. 

 

  1. Мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің функциялары мен құқықтары
  2. Міндеті:

          1) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және басқа да заң актілерін, Қызылорда облысы әкімі мен әкімдігінің актілерін, Басқарма басшысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

2) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

3) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

Функциялары:

1) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

2)  мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;

3) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

5)  облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

6) Шағын жинақталған мектептердің жұмысын зерделейді, сапалы білім мен тәрбие берілуін үйлестіреді;

8) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;

9) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

10) мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

         11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді атқарады.

12) Жалпы білім беретін мектептер мен жеке мектептердің, мемлекеттік және жеке балабақшалардың жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жұмыс жасауына мониторинг жүргізеді;

13) Мемлекеттік бағдарламалардың, бағдарламалардан туындайтын шаралардың орындалуын қадағалайды;

14) Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім беру ұйымдарының кезең-кезеңмен көшірілуін ұйымдастырады;

16) «Алтын белгі» белгісіне, «Үздік аттестатқа» үміткер оқушылардың мәліметтер базасын жасақтайды;

17) Кешкі мектептердің жұмысына мониторинг жүргізеді, кешкі мектепке қабылдау, бітіруші түлектермен байланыс жасау, білім сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады;

18) Жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу процесінің стандарт талаптарына сәйкес жүргізілуін  зерделейді және бақылайды, оқушылардың білім сапасына мониторинг жасайды,   педагогтарға әдістемелік көмек беру және біліктілігін арттыру жұмыстарын үйлестіреді;

19)  Орта білім беру жүйесінде оқу-әдістемелік базаларды, оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту туралы ұсыныстар береді;

20) ПИЗА,ТИМСС халықаралық бағдарлама бойынша өткізілетін жұмыстарды ұйымдастырады;

21) «Дарын» орталығының жұмысын қадағалау; Еркін Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернаты және «№ 9, №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаттарының оқу-тәрбие процесі жұмыстарының жүргізілуін қадағалау;

23) Осы сала бойынша әр жаңа оқу жылында жарты жылдан және жылдың қорытындысымен облыс бойынша білім беру мекемелерінің санын және тізбесін ондағы оқушылармен тәрбиеленушілердің және т.б континентін анықтау, олар бойынша тиісті қаражаттардың бөлінуін қамтамасыз ету мақсатында басқарманың экономика саласына тиісті есептерді ұсынады;

24) Мектепке дейнгі білім беруді дамыту бағытындағы шараларды жүзеге асырады;

25) Бөлімге қатысты мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарына ұйымдастырады және бақылау жасайды.

26) мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізеді;

27) Білім беру саласында цифрландыру жұмысын ұйымдастырады

28) Үш ауысымда оқыту қауіппі бар мектептердің алдын алу және жаңа мектеп құрылысын салу қажеттілігі бойынша  мониторинг жүргізеді,  талдайды және тиісті қаражаттардың бөлінуін қамтамасыз ету мақсатында басқарманың экономика саласына есептерді ұсынады;

29)  Оралман оқушыларды мектептерге орналастыру және сапалы білім алу қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды үйлестір

30) 9-11 класс оқушыларының орналасуын жинақтайды, талдау жасайды және орналаспаған бітірушілермен жұмыс жасайды;

31) Бөлімге жүктелген өзге де функцияларды  орындайды.        

  1. Құқықтары және міндеттері:

1) Бөлім өзіне жүктелген негізгі міндеттері мен функцияларды іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:

2) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

3) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

4)  қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

          5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті;

          6) Бөлімінің құзыретіне кіретін әкім және әкімдік актілерінің жобаларын дайындау;

                  

  1. Мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің қызметін ұйымдастыру.
  2. Мектепке дейінгі және орта білім бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  3. Мектепке дейінгі және орта білім бөлімді басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  4. Мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің басшысы бөлімінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  5. Мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің басшысы Басқарманың басшысына бөлімінің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  6. Бөлім басшысы:

          1) Бөлімнің жұмысын басқарады және ұйымдастырады, Бөлім мамандарының шығармашылық, кәсіби жұмыс атқаруына қолайлы жағдай қалыптастырады;

          2) Басқарма басшысына Бөлім туралы ережені, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын бекітуге ұсынады;

          3) Бөлімнің ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарларын әзірлейді, орындалуын қадағалайды;

          4) Бөлімнің жергілікті мемлекеттік органдарымен өзара жұмыс қарым-қатынасын үйлестіреді.

          5) Мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін көтермелеуге, сондай-ақ оларға тәртіптік жаза қолдану бойынша Басқарма басшысына ұсыныс жасайды;

  1. Мектепке дейінгі және орта білім бөлімі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге, мемлекеттік органдарға жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшені жетекшілік жасайтын басқарма басшысының орынбасары, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

 

Дата публикации
01 сентября 2020