Бюджетті жоспарлау бөлімінің
Ережесі
функциялары мен құқықтары
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және басқа да заң актілерін, Қызылорда облысы әкімі мен әкімдігінің актілерін, Басқарма басшысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімнің өкімдері мен шешімдерін, әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеуге қатысты құжаттарды дайындауға қатысу, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3).Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді атқарады.
1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
3) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
5) облыстық деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
6) балаларға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысады;
7) Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігі бойынша бюджеттік комиссияға жиынтық қорытынды әзірлейді, облыстық бюджеттің атқарылуына талдау жасайды;
8) Білім мекемелерінің құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарынының жобалық-сметалық құжаттарын ұсынады;
9) Басқарманың басқа құрылымдық бөлімдерінің мәліметтері негізінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамының өзгеруін ескере отырып, бюджет параметрлерінің болжамын үш жыл бұрын әзірлейді;
10) Білім ұйымдарын жөндеу жұмыстары, құрылыс жұмыстарына қатысты бағдарлама мен саланың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарын әзірлейді, оны облыстық мәслихатқа бекітуге ұсынады;
11) Апатты деп танылған, күрделі және ағымдағы жөндеуді қажет ететін білім ұйымдары бойынша тиісті жұмыстар ұйымдастырады.
12) Мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобалары бойынша конкурстық құжаттарын әзірлейді.
13). Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
14) Бөлімге жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
1) Бөлім өзіне жүктелген негізгі міндеттері мен функцияларды іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
3) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
4) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті;
6) Бөлімінің құзыретіне кіретін әкім және әкімдік актілерінің жобаларын дайындау;
1) Бөлімнің жұмысын басқарады және ұйымдастырады, Бөлім мамандарының шығармашылық, кәсіби жұмыс атқаруына қолайлы жағдай қалыптастырады;
2) Басқарма басшысына Бөлім туралы ережені, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын бекітуге ұсынады;
3) Бөлімнің ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарларын әзірлейді, орындалуын қадағалайды;
4) Бөлімнің жергілікті мемлекеттік органдарымен өзара жұмыс қарым-қатынасын үйлестіреді.
5) Бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін көтермелеуге, сондай-ақ оларға тәртіптік жаза қолдану бойынша Басқарма басшысына ұсыныс жасайды;