«БЕКІТІЛДІ»
Қызылорда облысының
білім басқармасының басшысы
__________М.Мелдебекова
«___»______2018 ж
№_____ бұйрығы
Балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің
Ережесі
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және басқа да заң актілерін, Қызылорда облысы әкімі мен әкімдігінің актілерін, Басқарма басшысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімнің өкімдері мен шешімдерін, әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеуге қатысты құжаттарды дайындауға қатысу, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушілікке жол бермеу;
4) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің негiзгi кепiлдiктерiн нығайту, сондай-ақ, құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді атқарады.
1). балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
3) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
4) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
6) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;
7) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейді;
8) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;
9) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
10) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
11) Бөлімге жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
12) Облыс бойынша балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің жұмысына тікелей жауапты болады;
13) Облыстық жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығының, отбасылық үлгідегі балалар ауылының, облыстық балалар оңалту орталықтарының, арнаулы түзету мектеп-интернаттарының, санаториялық мектеп-интернаттардың жұмыстарын бақылайды, материалдық-техникалық базасын жаңарту, жақсарту туралы ұсыныс береді;
14) Облыс бойынша әлеуметтік және құқықтық қорғауды қажет ететін балалардың жағдайына үйлестіруді, талдауды қамтамасыз етеді.
15) Балалар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау жұмыстарын ұйымдастырады;
16) БҰҰ –ның Қазақстандағы ЮНИСЕФ балалар қорымен бөлімге қатысты жүзеге асыратын іс-шараларды ұйымдастырады;
17) Жалпы білім беретін орындарындағы аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «қолайсыз отбасы», тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған, мүмкіндігі шектеулі балалар, мектепшілік бақылауда, ІІО есебінде, өмірдің қиын жағдайында қалған балалар жөнінде деректер базасын жасайды;
18) Мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивтік білім алу мәселе бойынша ұсыныстар енгізеді;
19) Арнаулы білім беру ұйымдарына мүмкіндіктері шектеулі балаларды қабылдау және оңалту бойынша мемлекеттік қызмет көрсету регламентін орындалуын бақылайды;.
20) Үкіметтік емес ұйымдарымен жұмыс жасайды, балалардың құқықтарын қорғау бойынша жүзеге асыратын әлеуметтік жобаларға ұсыныстар береді;
21) Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мәселені бақылайды, тиісті ұсыныстар береді;
22) Әлеуметтік жетімдіктің, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «қолайсыз отбасылармен» профилактикалық шараларды ұйымдастыруын бақылайды;
23) Облыс бойынша балалар мен жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын қорғау бойынша ұсыныстар береді;
24) Балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіреді;
25) Білім басқармасының балалардың құқықтарын қорғау бойынша «Сенім телефоны» жұмысын үйлестіреді, «Сенім телефонына» түскен ақпаратты Республикалық деректер базасына енгізуді жүргізеді, облыс бойынша білім органдарының «сенім телефоны» жұмыстарына бақылау жүргізеді;
26) Балалардың әлеуметтік қорғалу мәселесі бойынша «Мектепке жол», «Қамқорлық», «BI-Жұлдызай» және т.б. әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастырады;
27) Балалардың құқықтарын қорғау мәселесімен айналасатын мамандардың жұмысына бақылау жүргізу (әлеуметтік педагог, қамқоршылық пен қорғаншылық функциясын жүзеге асыратын мамандар);
28) Кәмелетке толмағандар арасында суцидтың алдын алу бойынша жұмыстарды бақылайды, тиісті ұсыныстар береді;
29) Қажеттілігіне байланысты бөлімге қатысты мәселелер бойынша тиісті органдарға ұсыныстар енгізеді;
30) Осы сала бойынша барлық талдау, есепке алу жұмыстарын жүргізеді және басқарманың экономика саласына қаржыландыруға байланысты қажетті мәліметтерді ұсынады;
31) Бөлімге қатысты мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарын ұйымдастырады және бақылау жасайды.
32)Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018 - 2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарында белгіленген тапсырмалардың орындалуына жауапты болады
1) Бөлім өзіне жүктелген негізгі міндеттері мен функцияларды іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
3) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
4) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті;
6) Бөлімінің құзыретіне кіретін әкім және әкімдік актілерінің жобаларын дайындау;
қызметін ұйымдастыру.
1) Бөлімнің жұмысын басқарады және ұйымдастырады, Бөлім мамандарының шығармашылық, кәсіби жұмыс атқаруына қолайлы жағдай қалыптастырады;
2) Басқарма басшысына Бөлім туралы ережені, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын бекітуге ұсынады;
3) Бөлімнің ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарларын әзірлейді, орындалуын қадағалайды;
4) Бөлімнің жергілікті мемлекеттік органдарымен өзара жұмыс қарым-қатынасын үйлестіреді.
5) Балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін көтермелеуге, сондай-ақ оларға тәртіптік жаза қолдану бойынша Басқарма басшысына ұсыныс жасайды;