Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялармен 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында 219 отырыс (6-облыстық, 24-қалалық, 165-аудандық, 24-кенттік) өткізілді. Барлық деңгейдегі комиссиялар отырыстарында 438 мәселе тыңдалды. Балалардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуын алдын алу бағытында аудандық, қалалық комиссия отырыстарында кәмелетке толмағандарға қатысты қаралған мәселелерде комиссия жоспарына, есептеріне, заңдылықтарына қатысты 53, құқық бұзушылық, пробация, нашақорлықтың алдын алу, құқық қорғау органдарының ұсыныстары бойынша 129, спорт, бос уақытқа қатысты 29, ақпараттық қауіпсіздік және бала өмірінің қауіпсіздігіне байланысты (өрт, су, жол-көлік, темір жол, т.б.) 23 мәселе қаралған. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдерді орналастыруға қатысты 50, суицид, зорлық-зомбылық, психологиялық қызмет, «тәуекел» топтарымен жұмыс жүргізуге қатысты 34 және басқа да 120 мәселе тыңдалған.
Балалардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуын алдын алу бағытында аудандық, қалалық комиссия отырыстарында кәмелетке толмағандарға қатысты 242 жасөспірімнің жағдайы қаралды. Оның ішінде, көмекке мұқтаж 126 бала ата-аналар өтініштері, құзырлы органдардың ұсынымдары, білім беру ұйымдары, сондай-ақ, қамқоршылық/қорғаншылық органдардың ұсыныстарымен тыңдалған. Оның ішінде, 34 балаға (1-і облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, 21-і кешкі мектеп, 2-і мектеп жанындағы интернат, 1-і «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, 5-і девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернатына, 4 баланы тәрбиеге беру) орналастыру ұсыныстары берілген. 6 бала қиын жағдайда қалу, әлеуметтік қажеттіліктер бойынша көмектер сұраумен, 38 бала құқық бұзушылық және 5 бала суицидке, 24 бала ата-аналарды құқықтарынан шектеу және айыру, 134 бала басқа да мәселелермен қаралған.
Комиссия жұмыстарын күшейту және оның жұмысына тікелей араласу үшін комиссия құрамына Қызылорда облысының бала құқығын қорғау жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция Департаменті, Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің басшылары енгізілді.
Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы болып, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның хатшысы белгіленді.